• 13.10.2024

«Деректі фильмге материал әзірлеу және тақырып жасау»

Авторkaznai

Жел 2, 2022

2022 жылдың 21 қарашасы мен 25 қарашасы аралығында Кино және ТВ факультеті, «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасында Гете институтының қолдауымен, белгілі неміс режиссері Ули Гаулкенің деректі фильм тақырып аясында Алматыда шеберлік сағат өтті.

Бес күндік шеберлік сағатында режиссер студенттерге деректі фильмнің мәнін, қазіргі деректі фильмдердегі сюжеттік әңгіменің маңыздылығын, түсіру мен монтаждау тәсілдерін, деректі фильмнің өңделуін дұрыс жазу және тизер дайындау туралы айтып берді. Мастер-класс толығымен жоғары деңгейде өтті. Бастысы, бұл мастер-класс теорияға негізделген, көрнекі материалдармен қамтамасыз етілген, осылайша студенттердің ақпаратты қабылдауы оңай болды.

Мастер-класс уақыты аясында студенттер өздерінің курстық деректі фильмдерін көрсетіп, режиссерден кәсіби пікірлер алды.  Ули Гаульке фильмдердің жақсы сапасына таң қалды және болашақта кейбір жобалармен жұмыс істеуге мүдделі екенін атап өтті.

 Шеберлік сабағы студенттерге жақсы әсер етті. Студенттер жаңа білім мен идеялардан шабыт алды.  Табыстың айқын үлгісін деректі фильмдерден көрген болашақ режиссерлер.  кәсібін түсіну көкжиегін кеңейтті.

 Гёте-Институт Алматыға студенттерімізге пайдалы шеберлік сабағын ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс айтамыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия