• 06.10.2022

“Дизайн” кафедрасы

Оқытушылар құрамы

Білім беру бағдарламалары


«Дизайн» кафедрасының тарихы

Мамандық тарихы 1978 жылы Алматы театр-көркемөнер ашылған күннен МКӨУ-нің (бұрынғы Строганов) типтік оқу жоспары негізінде 061300 шифрімен басталған және «Интерьер және жабдық» деп аталды. «Көркемөнер факультетінің» деканы профессор Т. К. Кәріпжанов болған. Мамандықтың алғашқы негізін қалаушылар кафедра дамуына үлес қосқан қазақ гобеленінің негізін қалаушы, Ш. Уәлиханов ат. ҚазССР мем. Сыйлығының лауреаты Қ. Тыныбеков секілді, Ресей ЖОО-ның түлектері де аз болған жоқ. Кафедра меңгерушісі, ал соңынан факультет деканы оқу үрдісінде шығармашылықты ынталандыруға және жоғары білікті мамандар дайындауға белсенді араласқан Р. С. Сәдіғұлов Мәскеу, Ленинград, Львов, Горький ЖОО-да білім алған жас мамандар студенттер оқытудағы мамандық статусын жоғарғы кәсіби деңгейге көтерген болатын. Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, мамандар дайындау мен оқу-әдістемелік жұмысын қалыптастыру бойынша жаңа мектеп негізін қалаушы Б. А. Түлкиев үлкен үлесін қосқан.

Сонымен қатар «дизайн» мамандығының өрлеуіне доцент К. Оспанов, өнертану кандидаты Қ. Қ. Мұратаев, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР өнерге еңбегі сіңген қайраткері А. Д. Дүзелханов, профессор Б. Е. Омарбеков, доценттер С. И. Шалабаев, М. Г. Жақыпәлиев, Т. Б. Батанов, М. К. Шалбаевтар, сәулет кандидаты Т. Жанысбеков. КСРО халық суретшісі, Ресей көркемөнер академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР ҒА академигі, ҚР халық суретшісі, МАН құрметті суретшісі, профессор Қ. Т. Телжанов секілді азаматтар зор еңбектерін сіңірген. 1987-ден 1993 жылдары АМТКИ-ін бітірген осы саланың С. Ж. Нұрқасымов, М. Б. Молдабеков, Н. Ж. Исақов, Б. К. Шілдерханов, А. Қ. Шалбаев, Қ. С. Көшенов, З. Н. Исниязов секілді жас мамандар, кафедра жұмысына белсенді араласып кетті.

1993 жылы «Қазақ мемлекеттік театр және кино институтынан» бөлініп шыққан көркемөнер факультетіне автономдық ЖОО (Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы) статусы берілді. Жаңа ашылған академияда «Интерьер және жабдық» мамандығы 050421 шифрімен «Интерьер және жиһаз дизайны» жаңа атына ие болды, сол кезде кафедраны С. Ж. Нұрқасымов басқара бастады.

Кафедра оқытушылары біраз жылдар бойында оқыту әдістемесінің дамуына және оқытуда жаңа шығармашылық бағыттардың қалыптасуына көп үлес қосты.

Қазіргі таңда кафедра меңгерішісі PhD докторы, жас білікті маман Айнаш Сағатқызы Наурызбаева тағайындалды. Кафедраның педагогикалық құрамында 6 профессор, 3 доцент, 6 аға оқытушы және 1 оқытушы еңбек етуде. Атап айтқанда Е. С. Асылханов – п.ғ.д., профессор, көптеген ғылыми жобалардың авторы, әрі жетекшісі, «Еуразия дизайнерлер одағының» төрағасы; Қ. С. Көшенов – п.ғ.к., профессор, «Қазақстан дизайнерлер одағының» төрағасы; А. Қ. Шалбаев – аға оқытушы, бірқатар халықаралық және республикалық көрмелердің белсенді қатысушысы; М. Е. Нұрпейіс – аға оқытушы, PhD докторы.

«Дизайн» кафедрасы мен Германиялық Аахен қолданбалы өнер университеті арасындағы келісімшарттың арқасында, 2012 жылдан қазіргі уақыт арлығында он бес шақты студент бір семестр бойы шетелдік ЖОО-нда білім алуға қол жеткізе алды.

2015 жылы «Дизайн» мамандығы «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінен» бес жылға аккредитациясынан өтсе, 2017 жылы осы мамандық халықаралық AQUIEN аккредитациялау агенттінің мақұлдауынан өтті.

2017 жылы кафедрада «Ландшафтық дизайн» жаңа мамандандыру ашылды. Осыған орай «Дизайн» кафедрасының студенттері бес мамандандыру бойынша білім алады – «Сәулеттік дизайн» «Интерьер дизайны» бағыты бойынша, «Өндірістік дизайн» «Жиһаз дизайны», бағыты бойынша, «Ландшафтық дизайн», «Жарнама графикасы» и «Графикалық дизайн».

Приемная комиссия