2024 жылдың 23 желтоқсанында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 8D021–Өнер Диссертациялық кеңесінде Досжанов Бауыржан докторлық диссертациясы сәтті қорғалды.
Зерттеу тақырыбы – «Қазақ монументалды-сәндік гобелен өнері: дәстүрлі және инновациялық даму модельдері». Автордың еңбегі сәндік өнердің ерекшеліктерін терең зерделеп, оның жаңа қырларын ашуға бағытталған.
Ғылыми кеңесшілері:
Пельше Стелла – өнертану докторы, Латвия өнер академиясының аға ғылыми қызметкері;
Мәлік Флоберович Мұқанов – PhD докторы, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті.
Ресми рецензенттер:
Сара Мұқашқызы Қырықбаева– өнертану кандидаты, Қыздар педагогикалық университетінің доценті;
Оңал Тоққұлқызы Әбішева– PhD докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры.
Қорғау барысында диссертацияның ғылыми тереңдігі мен практикалық маңыздылығы жоғары бағаланып, зерттеудің өнер саласына қосқан үлесі ерекше аталды. Кеңес бірауыздан Бауыржан Досжановқа «Сәндік өнер» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылдады.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұжымы Бауыржан Таттибековичті PhD дәрежесінің берілуімен құттықтап, шығармашылық пен ғылымда жаңа белестер тілейді!