• 27.09.2022

I халықаралық онлайн-конкурсы «Үздік постерлік баяндама» 2021

Авторkaznai

Сәу 14, 2021

2021 жылдың 14 сәуірінде Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ғылыми-зерттеу орталығы (ғылыми-редакциялық бөлімі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімімен бірлесіп) жыл сайын болатын Ғылым апталығы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Өнердегі жаңа формалар мен технологияларды іздеу» тақырыбында шығармашылық жоғары оқу орындарының 2 курс магистранттары арасында «Үздік постерлік баяндама – 2021» халықаралық онлайн-конкурсын өткізді.

Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның ғылыми-редакциялық бөлімі          11 шығармашылық ЖОО-на өнер саласы бойынша постерлік баяндамалардың онлайн-конкурсына қатысуға шақырып, ақпараттық хаттар жіберді. Соның ішінде, онлайн-конкурсқа қатысуға төмендегі ЖОО ниет білдірді:

  • 1) Қазақ ұлттық хореография академиясы (Нұр-сұлтан қ.);
  • 2) Қазақ ұлттық өнер университеті (Нұр-сұлтан қ.);
  • 3) Мәскеу мемлекеттік хореография академиясы (Ресей Федерациясы);
  • 4) Камолиддин Бехзада атындағы ұлттық көркемсурет және дизайн институты (Өзбекстан);
  • 5) Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институты (Ресей Федерациясы);
  • 6) Өзбекстан Мемлекеттік консерваториясы (Өзбекстан).

Ақпараттық хатта магистранттардан өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі 2021 жылдың 8 сәуіріне дейін белгіленді.

Ғылыми-редакциялық бөлімнің қызметкерлері Байқау афишасының дизайнын әзірледі. Конкурс өткізу туралы ақпарат Академияның ресми сайтында орналастырылды.

Байқаудың мақсаты: Мәдениет пен өнердің заманауи мәселелері аясында магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін қорытындылау, жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметіндегі инновациялық жетістіктерді көрсету.

Жеті ЖОО-ның магистранттары байқауға қатысуға өтінім берді:

  • 1) Қазақ ұлттық хореография академиясы (Нұр-сұлтан қ.);
  • 2) Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы қ.);
  • 3) Қазақ ұлттық өнер университеті (Нұр-сұлтан қ.);
  • 4) Мәскеу мемлекеттік хореография академиясы (Ресей Федерациясы);
  • 5) Камолиддин Бехзада атындағы ұлттық көркемсурет және дизайн институты (Өзбекстан);
  • 6) Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институты (Ресей Федерациясы);
  • 7) Өзбекстан Мемлекеттік консерваториясы (Өзбекстан).

Конкурсқа қатысқан магистранттардың жалпы саны: 18 адам.

        Байқау Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның Ғылыми кеңесі бекіткен Екінші курс магистранттары арасында «Үздік постерлік баяндама» халықаралық конкурсын өткізу туралы Ережесіне сәйкес ZOOM платформасында онлайн форматта өтті.

        Конкурстық комиссия ректор А.Ж. Абдуалиевтің 02.04.2021 ж. №01/04-52П бұйрығымен бекітілді:

Конкурстық комиссияның төрағасы:

  1. Халыков Кабыл Заманбекович – философия ғылымдарының докторы, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор;

Конкурстық комиссияның мүшелері:

  • Алферов Андрей Александрович – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі «Мәскеу мемлекеттік хореография академиясының»  «атқару факультетінің» деканы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі (Ресей Федерациясы, Мәскеу);
  • Слесарь Евгений Александрович – өнертану кандидаты, Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институтының театрландырылған көріністер мен мерекелер режиссурасы кафедрасының доценті (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург);
  • Наурзбаева Альмира Бекетовна – философия ғылымдарының докторы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры;
  • Касымходжаева Саида Батыровна – өнертану кандидаты,  доцент, Өзбекстан Мемлекеттік консерваториясы Музыка тарихы кафедрасының меңгерушісі (Өзбекстан, Ташкент).

Хатшы:

Курманбаева Мария Салимжановна – ЖОО кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері.

Байқаудың модераторлары:

  • А. А. Кульшанова – жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор;
  • Д.Д. Уразымбетов – ғылыми-редакциялық бөлімнің басшысы, өнертану ғылымдарының кандидаты.

Байқау комиссиясы қатысушыларды MS PowerPoint презентацияларымен бес минуттық сөз сөйлеулерінде келесі критерийлер бойынша бағалады:

  • Ғылыми жобаның өзектілігі;
  • Ғылыми жобаның ғылыми құндылығын бағалау;
  • Жұмыстың зерттеу сипаты, зерттеудің жаңалығы, өзіндік ерекшелігі мен күрделілігі;
  • Алынған нәтижелердің ғылыми және практикалық маңыздылығы;
  • Технологиялық сипаттамасы (зерттеу нәтижелерін оқу процесіне немесе өндіріске енгізу мүмкіндігі);
  • Баяндаманың сипаты, пайымдаудың мазмұндылығы мен мақсаттылығы, ойлаудың бірегейлігі;
  • Ауызша ұсыну: баяндаудың қисындылығы мен айқындылығы, ойлаудың сенімділігі;
  • Қойылған сұрақтарға жауаптардың анықтығы, арнайы терминологияны меңгеру деңгейі.

Баяндамалардың 50%-дан астамы хореография бағыты бойынша болғанын атап өту қажет.

Конкурстық комиссияның шешімімен конкурс жеңімпаздары келесідей бөлінді: бір бірінші орын, екі екінші орын, үш үшінші орын.

Шығармашылық жоғары оқу орындарының екінші курс магистранттары арасында «Үздік постерлік баяндама» халықаралық онлайн-конкурс жеңімпаздарының тізімі:

I орын:

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Касымханова Акмарал Амангаликызы, тақырыбы: «Образ «особого человека» в казахском кино». Ғылыми жетекшісі: Нөгербек Баубек Бауыржанұлы – PhD докторы, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының доценті. 

II орын:

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Жубанова Жанель Санжаровна, тақырыбы: «Визуальные символы и образы казахского декоратвно-прикладного искусства в межкультурном пространстве Евразии». Ғылыми жетекшісі: Шайгозова Жанерке Наурызбаевна пед.ғыл.канд., қауымдаст.профессор.

Мәскеу мемлекеттік хореография академиясы (РФ)

Галимова Аделия Ириковна, тақырыбы: «Импровизационный подход к совершенствованию преподавания современной хореографии в системе профессионального хореографического образования». Ғылыми жетекшісі: Иванова Светлана Анатольевна – пед.ғыл.канд., доцент.

III орын:

Мәскеу мемлекеттік хореография академиясы (РФ)

Ахмадиев Айдар Рашитович, тақырыбы: «Развитие хореографического искусства – экскурс в историю из Кёнигсберга в Калининград». Ғылыми жетекшісі: Гальцева Татьяна Александровна – профессор, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Классикалық би» кафедрасының меңгерушісі.

 Қазақ ұлттық хореография академиясы (Нұр-Сұлтан қ.)

Қабдуллина Еркежан Турсынбековна, тақырыбы: «Проектирование модели этно-художественного воспитания детей в системе дополнительного хореографического образования РК». Ғылыми жетекшісі: Кульбекова Айгуль Кенесовна, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Мәскеу мемлекеттік хореография академиясы (РФ)

Усанова Юлия Дмитриевна, тақырыбы: «Совершенствование профессиональных навыков учащихся системы среднего профессионального образования средствами интеграции и адаптации различных методик пальцевой техники в процессе обучения классическому танцу». Ғылыми жетекшісі: Гальцева Татьяна Александровна – профессор, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Классикалық би» кафедрасының меңгерушісі.

Магистранттардың іс-шара туралы пікірлері:

Касымханова Акмарал:

Конференция ұйымдастырушыларына осындай ауқымды атқарған еңбектері мен іс-шараны халықаралық деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын.!! Және де жеке ризашылығымды әділқазылар мүшелеріне дарынды қатысушылардың тақырыптарына жан-жақты ескертулер мен қызығушылық танытқаны үшін алғысымды білдіремін!!! «Үздік постерлік баяндама» конференциясы өркендей берсін! (Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

Жубанова Жанель:

«Постерлік баяндама» сияқты жобаны ұйымдастырғандарыңыз үшін көп рахмет, бұл баға жетпес тәжірибе болды! Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет! (Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

Усанова Юлия:

Конкурс ұйымдастырушыларына және құрметті комиссия мүшелеріне үлкен рахмет! Барлық магистранттарды құттықтаймын, магистрлік диссертацияларды тамаша қорғауды тілеймін. (Мәскеу мемлекеттік хореография академиясы (РФ).

Комиссия мүшелерінің пікірлері:

Слесарь Евгений Александрович: Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет!

Касымходжаева Саида Батыровна: Іс-шараны ұйымдастырғаны және қызықты баяндамалары үшін барлығыңызға рахмет. Барлығына сәттілік!

14 сәуір 2021 жыл

Приемная комиссия