• 20.05.2022

«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күні!

Авторkaznai

Ақп 9, 2022

9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны, қазақ поэзиясының алатаудай алыбы, «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күні! 

Ақын поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры – туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман-аңсары. Осының бәрін ол Мұқағалиға ғана тән қайталанбас шеберлікпен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес туындыларды дүниеге әкелді.

Күні бүгінге дейін ақынның шығармашылығына деген қазақтың құрметі бір мысқал кеміген емес. Бүгін де ақынның өлеңдері мен шығармаларының, ой-толғауларының жаңа кітап болып басылып жатқаны осының дәлелі. 

Приемная комиссия