• 30.05.2024

Әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиевтің 105 жылдық меретойына арналған «Ғылымның алып бәйтерегі» атты республикалық дөңгелек үстел бағдарламасы

Бүгін, яғни 30 қазан күні тілдер апталығы аясында Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының тіл мамандарының және №2 ғимарат кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана залында әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиевтің 105 жылдық меретойына арналған «Ғылымның алып бәйтерегі» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Кітапхана қызметкерлері ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедасының доценті, ф.ғ.к. Сарсембаева Аида Жағыфарқызы, PhD Бияздықова Әлия Әлімбекқызы және магистр Абдыкадырова Айнұр Зеренханқызы

Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиев – қазақ халқының танымал әдебиет зерттеушісі, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлы Отан соғысының ардагері, Орал қаласының құрметті азаматы және Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері. Ұзақ жылдар бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де еңбек еткен. «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Абай Құнанбайұлының прозасы» сынды танымал ғылыми еңбектер мен жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтардың авторы.

Дөңгелек үстелге ғалымның қызы және шәкірттері қатысты. Атап айтсақ, ғалымның қызы, биология ғылымдарының кандидаты Сүйіншәлиева Үміт Ханғалиқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бисенғали Қабиұлы Зейнол-Ғабден, филология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Жангелді Жұмақайұлы, филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Жәмбек Сәбит Нұрмұхамбетұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы. Шара басында Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, профессор Алимжанова Алия Шарабекқызы кіріспе сөз сөйлеп, бас қосудың мәні мен мақсатын айтты. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ғалым жайлы жылы естеліктер айтып, ұстаздарын сағынышпен еске алды. Музыка өнері факультетінің студенттері әндер шырқады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия