• 29.03.2024

Халықаралық Жас хореографтар конкурсының екінші кезеңі өтті.

Авторkaznai

Сәу 4, 2023

2023 жылдың 28 наурызында Астана қаласы Қазақ Ұлттық хореография академиясында қазақстандық көрнекті балетмейстері Болат Ғазизұлы Аюхановты еске алуға арналған Халықаралық Жас хореографтар конкурсының екінші кезеңі өтті.

Жоғарғы білікті тәуелсіз қазылар алқасы шешімінің қорытындысы бойынша Темірбек Жүргенов атындығы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Хореография» факультетінің білім алушылары 1 орын лауреаттары атанды.

«Хореография» (аралас формат) номинациясы бойынша 1 орын лауреаты – Сүлейменова Делила, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының 3 курс студенті. Жетекшілері: Габбасова Гүльмира Надымовна («Хореография» факультетінің деканы, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының доценті) және Габбасова Гүльнара Надымовна («Балетмейстерлік өнер» кафедрасының аға оқытушысы).

«Спорттық бал биі»  номинациясы бойынша -1 орын лауреаты (онлайн формат) – Дрягина Екатерина, «Хореография педагогикасы» кафедрасының 2 курс магистранты.

Жеңімпаздар мен олардың жетекшілеріне байқаудағы жеңістерімен құттықтаймыз және оларға жаңа шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия