• 19.03.2024

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВЕБИНАР: «ТДМ ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ»

Авторkaznai

Ақп 3, 2023

2023 жылғы 3 ақпанда сағат 15.00-де география және табиғатты пайдалану факультетінің ЮНЕСКО тұрақты даму бойынша  кафедрасы және әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму институтыТДМ іске асырудағы университеттердің рөлін арттыру тақырыбында халықаралық вебинар өткізеді.

Вебинардың мақсаты университеттердің ТДМ-ға қол жеткізудегі үлесін бағалау, ТДМ саласындағы практик-мамандардың тәжірибесін біріктіру арқылы ынтымақтастықты нығайту және өзгерістерге ықпал ететін жаңа бастамаларды іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.  

Вебинарға жақын және алыс шетел (Франция, Италия, Нигерия, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан) университеттерінің оқытушылары қатысады.

ТДМ-ны іске асырудағы университеттердің рөлін талқылау барысында ТДМ-ны оқытушылардың педагогикалық және ғылыми қызметіне енгізу, ТДМ-ны ішкі басқаруға, мәдениетке және жалпы университетті басқаруға енгізу, ТДМ-ны іске асыруда жастардың көшбасшылық әлеуетін дамыту сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелері қаралатын болады.

Вебинарға мына сілтеме арқылы қатысуға болады: https://us06web.zoom.us/j/8755429428?pwd=M3IsGNv5NeIN8YXkfZT7Z2lLQcaJd6.1

https://www.kaznu.kz/kz/15577/adverts/11354

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия