• 14.10.2024

“Тарихтың бірегей мұрасы”

Авторkaznai

Нау 1, 2024

2024 жылдың  29 ақпаныңда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кітапханасы және “Өнертану” факультеті “Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы” кафедрасының ұйымдастырумен Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, ұлттық бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына арналған “Тарихтың бірегей мұрасы” атты дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты, Қазақстаның бейнелеу өнерінің негізін қалаушы, Қазақстанның мақтанышы Ә.Қастеевтің өмірі мен шығармашылығын бүгінгі жас ұрпаққа насихаттау.  Дөнгелек үстелге академия суденттері мен оқытушылары, Ә.Қастеевтің  тұңғыш қызы Гүлдария Әбілханқызы Қастеева, Қастеев МӨМ өнертанушы Жұбанова Гүлнұр Алпысбайқызы қатысты.

Аталмыш іс-шараны Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, философия ғылымдары докторы, профессор Халыков Қабыл Заманбекұлы ашты. Дөңгелек үстел барысында Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы туралы баяндамалар жасалды.

Сөз алғандар қатарында Ә.Қастеев атындағы МӨМ “Қазақстан бейнелеу өнері бөлімінің” ғылыми жетекшісі Жұбанова Гүлнұр Алпысбайқызы “Алматы МӨМ Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына  120 жыл толуына  арналған көрмесінің ерекшелігі” туралы сөз қозғады ;

– “Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы” кафедрасының профессоры, өнертану кандидаты Батурина Ольга Владимировна “Философия живописи Абылхан Кастеева” атты тақырыпта баяндама оқыды  ;

– ҚР Суретшілер одағының Арт менеджері, өнертанушы Қосанова Гүлназ Берсүгірқызы “Ә.Қастеевтің шығармашылығы мен өмірі” жайлы қызықты мәліметтермен бөлісті.

Өткізілген бұндай іс-шаралар қатысушылар мен студенттерге үлкен әсер беріп, шығармашылық кәсібінде ізденуге зор ықпал ететініне сенімдіміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия