• 16.04.2024

2023 жылғы 20 сәуірде «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы «Science, Creative & Art Forum 2023» студенттердің III Қалалық Форумын өткізді.

Форум жұмысына Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Алматы Менеджмент Университетінің, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің, Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің және Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның студенттері қатысты.

III қалалық Форум үш алаңның жұмысы аясында өтті. Форумда студенттер зияткерлік ойын, Startup жоба байқауы және шығармашылық байқауда командалық сайысқа түсті.

«Кезек сенікі» зияткерлік ойынының, «Креативті индустриядағы жастар» Startup байқауының және «Be the Best» шығармашылық байқауының қорытындысы бойынша Алматы Менеджмент Университетінің командасы жеңімпаз атанды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия