• 04.12.2024

«Орталық Азия мен Қазақстандағы ғылымның қалыптасу тарихы мен даму перспективалары»

Авторkaznai

Фев 28, 2024

Темірбек ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР КафедраСЫ

А Қ П А Р А Т Т Ы Қ   Х А Т

Құрметті әріптестер, жас ғалымдар, студенттер!

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы 2024 жылдың академик, ұлы ғалым, қоғам қайраткері, аса дарынды тұлға Қ.И. Сәтпаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Орталық Азия мен Қазақстандағы ғылымның қалыптасу тарихы мен даму перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің V Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізеді

Конференцияның мақсаты: Қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан даңқты геолог-ғалым, Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, қазақ халқының тұңғыш академигі, сонымен қатар мәдениет, тарих саласына ерен еңбек сіңірген Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың өмірі мен қызметін үлгі-өнеге ете отырып, қазақстандық жастардың өзіндік танымы мен ұлтжандылығын, азаматтық көзқарасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық ғылымдар мен өнер саласындағы өзекті мәселелер бойынша заманауи ғылыми және тәжірибелік ақпаратпен алмасу.

V Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның өтетін орны: Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сы. Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127, 2024 жылдың 11 сәуірі, басталуы сағ.10.00.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  1. Қаныш Сатпаевтың мұрасы және Қазақстан ғылымының қалыптасуындағы рөлі.
  2. Орта Азия мен Қазақстандағы ғылым және білім беру: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар.
  3. Өнер: тарих, дәстүр, қазіргі заман.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының жас оқытушыларын, докторанттар, магистранттар мен студенттерді конференцияға қатысуға шақырамыз.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2024 жылдың  25 наурызына дейін.

Қатысу форматы офлайн және онлайн ZOOM платформасында (конференцияға басқа қаладан қатысушылар үшін) өтеді.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Конференцияға басқа қаладан қатысушылардың барлық шығындары жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.

Конференцияға қатысуға өтінім (үлгісі қоса беріліп отыр) мен мақала мәтінінің толық нұсқасын (файл атауы автор аты-жөнімен жазылу керек) 2024 жылдың 25 наурызына дейін ұйымдастыру алқасының kaznai.conf@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

  • «Қаныш Сатпаевтың мұрасы және Қазақстан ғылымының қалыптасуындағы рөлі» атты №1 секция баяндама материалдарын жинауға жауапты — Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті, PhD Амангелдиева Гүлмира Амангелдіқызы, тел. +7 701 316 49 33.
  • «Орта Азия мен Қазақстандағы ғылым және білім беру: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар» атты №2 секция баяндама материалдарын жинауға жауапты — Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сарсембаева Аида Жагфаровна, тел. +7 777 283 77 99.
  • «Өнер: тарих, дәстүр, қазіргі заман» атты №3 секция баяндама материалдарын жинауға жауапты — Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Қосназарова Салтанат Досбергенқызы, тел. +7 778 858 4964.  

Мақаланы рәсімдеуде авторлардан төмендегі талаптарды жетекшілікке алуын сұраймыз.

  1. Мәтінге көрсетілген талаптарды орындаңыз. Баяндама мәтінінің электрондық нұсқасын ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда ұйымдастыру комитеті баяндаманы жариялаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
  2. Көлемі- Microsoft Word редакторында 5 бетке дейін. Шрифт: түрі — Times New Roman, өлшемі — 12, бір жол аралығы; абзац — 1,25 см, абзац шегінісі автоматты түрде орнатылады. Шеттері: жоғарғы және төменгі — 2 см, сол — 2 см, оң — 2 см. Баяндама тақырыбы бас әріптермен, қою шрифтпен, ортасына тураланған. Төменде бір шегініс, оң жақ жиегі бойынша: автордың толық аты-жөні — курсивпен, қою шрифтпен (әр автор үшін — алдымен тегі, бос орын, содан кейін бас әріптер). Келесі жолда симметриялы түрде оң жақ жиегі бойынша курсивпен, қою шрифт — ұйымның атауы, қаланы көрсетіңіз. Келесі жолда симметриялы түрде оң жақ жиегі бойынша – ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, қызметі, аты-жөні курсивпен қою шрифтпен көрсетіледі.
  3. Егер мақала қазақ және орыс тілдерінде жазылса, аңдатпасы ағылшын тілінде беріледі. Мақала ағылшын тілінде жазылса, аңдатпасы қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
  4. Мәтінде келтірілген дереккөздер төртбұрышты жақшалармен белгіленеді, оларда тізімге сәйкес дереккөздің реттік нөмірі және үтірмен бөлінген бет нөмірі көрсетіледі, мысалы: [4, 89 б.], яғни [дереккөз, бет]. Келтірілген дереккөздер бойынша пайдаланылған әдебиеттер тізімінің болуы міндетті болып табылады. Тізім мәтіннің соңында орналасады және бос жолмен бөлінеді. Тізімдегі дерек көздер мәтінде көрсетілгендей беріледі.

Үздік баяндамалар арнайы дипломдармен марапатталады. Конференция қатысушыларына сертификат беріледі.

Ұйымдастыру комитеті мақала жариялауда материалдарды таңдау құқығына ие. Көрсетілген уақыттан кешіктіріп жіберілген және талаптарға сай жазылмаған мақалалар қаралмайды, сонымен қатар авторға қайтарылмайды. Мақалалардың ғылыми мазмұнына, стилистикасы, грамматикасы мен пунктуациясына автор өзі жауапты.

Тексеруден өткен ғылыми мақалалар конференция материалдары жинағы болып PDF форматта ISBN-мен жарияланады.

Жинақ тегін жарияланады. Конференцияда онлайн немесе офлайн форматта баяндама жасағандар сертификат алу үшін 500 теңге көлемінде жарна төлейді (қалауы бойынша).

Безендіру үлгісі:

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МӘСЕЛЕСІ

Ахметова А.Ш.  

Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Алматы

ғылыми жетекші – философия ғ.к., доцент Жапарова Б.К.

Аңдатпа

Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін

Әдебиеттер тізімі:

  1. Нұрмағанбетова Р.Қ. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы. 2-том. А.: Фолиант, 2017. – 416 б.
  2. Телжанов Қ. Өмір жолында – На жизненном пути – On life journey. Алматы, 2018. – 296 б.

Қатысушы өтінімі

Аты-жөні (толығымен) 
Ел   
ЖОО атауы 
Қала 
Байланыс телефондары 
Электронды пошта (e-mail) 
Мақала тақырыбы 
Секция   
Онлайн қатысу форматы: 1. баяндамашы 2. конференция жинағына мақала беру   
Сертификат қажетИя/Жоқ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия