• 19.03.2024

XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинары

Авторkaznai

Мау 29, 2022

«Жад жүздері. Қолжазба және баспа мұрасын сақтау және қалпына келтірудің жаңа технологиялары» атты XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар

“Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы” кафедрасының профессоры, т.ғ. к., музейтанушы, ICOM мүшесі Мусаханова Мадина Зульпухаровна 2022 жылдың 21-26 маусымында Ереван қаласында (Армения Республикасы) “Жад жүздері. Қолжазба және баспа мұрасын сақтау және қалпына келтірудің жаңа технологиялары» атты XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты.

Семинар Армения республикасының білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігінің, ТМД қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорының (МФГС) қолдауымен, Армения Мемлекеттік филармониясының және Месроп Маштоц атындағы Матенадаран ежелгі қолжазбалар институтының жәрдем көрсетуімен өтті. Семинарға реставраторлар, қор сақтаушылар, мұражай, кітапхана қызметкерлері, мұрағатшылар, ТМД, Еуропа, Грузия елдерінен жоғары технологиялар саласындағы мамандар қатысты.

Армения Республикасы Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрінің орынбасары Араик Эдикович Хзмалян семинардың ашылу рәсімін өткізді.

Семинарға қатысушылар мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру саласындағы өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады.

Семинар қорытындысы бойынша М.З. Мұсахановаға “Жеке құжаттарды қалпына келтіру ерекшеліктері” баяндамасы үшін алғыс білдірді.

Приемная комиссия