• 19.04.2024

5 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында «Jambylfest» әлеуметтік роликтер мен қысқаметражды фильмдер фестивалінің қатысушыларын ресми марапаттау рәсімі өтті. 

Фестивальға Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА төмендегі студенттері, оқытушылары мен түлектері қатысып, жүлделі орындарға ие болды:

  • – Гаухар Акжол «Сәт» фильмімен – «Көркем фильм режиссурасы» мамандығының 4 курс студенті – «Үздік репортаж»
  • – Алмат Ыдырыс «Огонь» фильмімен -«Көркем фильм режиссурасы» мамардығының 2 курс студенті – «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы»
  • – Жандос Оразалы «Атаның әлдиі» фильмімен – «Деректі фильм режиссурасы» мамандығының 2 курс студенті – «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы»
  • – Рамазан Кыргызбаев «Қарттар» фильмімен – «Деректі фильм режиссурасы» мамандығының 2 курс студенті – «Үздік операторлық жұмыс»
  • – Жанана Курмашева «Aq altyn» фильмімен – «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының оқытушысы – «Үздік қысқаметражды фильм» номинациясы
  • – Тимур Таиров «Шам» фильмімен – академияның түлегі – «Үздік режиссерлық жұмыс» және «Үздік музыкалық сүйемелдеу».
Приемная комиссия