• 27.05.2024

Жер күні

Авторkaznai

Сәу 22, 2024

2024 жылдың 22 сәуірінде Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті Сарсембаева Аида Жағфарқызы Халықаралық Жер күні мерекесіне арналған эковолонтерлік танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа  қоршаған ортаны таза ұстауды, экологиялық мәдениет қалыптастыруды, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен әрі құрметпен қарауды дәріптеу.
Жер күні — 22 сәуірде өткізілетін халықаралық экологиялық мерекесі. Бұл мереке адам баласына планетамыздың нәзік екенін көрсетіп, қоршаған ортаға мұқият болуға, оны қорғауға және тәртіпті сақтауға шақырады.
«Өнертану» және «Музыкалық өнер» факультеттерінің 1 және 2 курс студенттері Алматы қаласы Ботаникалық бағының гүлзарларын көгалдандыруға жан-жақты көмек көрсетті. Экоерікті студенттер гүлзарларды өткен жылғы құрғақ өсімдіктерден тазартып, гүлді дақылдарды егу үшін топырақ дайындап, бұрын отырғызылған барлық өсімдіктерді суарды. Аталмыш үрдіс академияның студенттері үшін дәстүрге айналды. Жұмысты аяқтаған соң, студенттер Ботаникалық баққа экскурсия жасап, көңіл көтерді. Ботаника және фитоинтродукция институтының басшылығы мен жетекші ғылыми қызметкері В.А. Самойлова экоеріктілердің зор еңбектерін бағалап, оларға алғысын білдірді. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнайтынына сенімді екенін атап өтті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия