• 29.05.2024

Жүргенов жылына арналады…

Авторkaznai

Қар 6, 2023

2023 жыл Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды, сондықтан барлық мәдениет мекемелерінде ХХ ғасырдың 30 – жылдарындағы білім, мәдениет және өнер ұйымдастырушысының өмірі мен қызметіне арналған іс-шаралар – конференциялар, дөңгелек үстелдер мен кездесулер жалғасуда.

О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде “Зиялы ұлт қалыптастырудың өзекті мәселелері” атты дөңгелек үстел өтті, онда «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті А.Е. Садыкова Темірбек Жүргенов және оның Орта Азия мен Қазақстан республикаларындағы жемісті қызметі туралы ғылыми баяндама жасады. Студенттерге оның рөлі мен ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы республиканың мәдени саясатына қосқан үлесінің дәлелі ретінде зерттеушілер жинайтын фотосуреттер мен бейне материалдар көрсетілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия