• 29.03.2024

2022 жылдың 1 қыркүйек «Білім күніне» орай академияның 1 курс студенттеріне арналған «Жүргенов оқулары» өтті. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті А.Е. Садыкова мен PhD доктор А.А. Нурмухамбетов шара барысында студенттерді Т.Қ. Жүргеновтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметімен таныстырды. Т.Қ. Жүргенов Қазақстанда Халық ағарту комиссары болған жылдардағы республиканың мәдени өміріндегі оң өзгерістер, Мәскеуде тұңғыш ұйымдастырылған қазақ әдебиеті мен мәдениетінің он күндігі барысында жеткен жетістіктер туралы мәліметтер берілді. Шара Академияның 1 курс студенттері үшін қызықты әрі пайдалы болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия