• 07.10.2024

«ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР»

Авторkaznai

Қаң 24, 2022

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысындағы «ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР» САБАҒЫ: ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ» атты баяндамасында қазақстандықтардың көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап берді. 1 сағаттық жасаған үндеуі барлық халықтың көңілінен шықты. Ел экономикасының барлық салалары мен әлеуметтік, құқықтық мәселелерде өзгерту енгізу керектігін айтты. Президентіміз қаңтардан кейінгі дамудың бағыттарына жіті назар аударып, жаңа үкіметке бірқатар міндеттерді тапсырды. 

Қазақстан байлары халыққа қаржылай көмектесіп, «Қазақстан халқына» атты қоғамдық қор құру;

«Самұрық-Қазына» қорын қайта реформалау, ел экономикасы үшін қаншалықты тиімді екендігін анықтау;

Жастарға жаңа жұмыс орындарын ашу;

Үкімет мүшелерінің жалақысы 5 жылға дейін көтермеу. Ал өзге бюджет қызметкерлерінің айлығын өсіру;

Ұлттық қауіпсіздік жүйесі толық өзгерту;

Осылай мемлекеттік басқару, экономика, әлеуметтік салада жүзеге асырылуы тиіс жүйелі реформалар және оның негізгі нақты бағыттары айқындалды. 21 қаңтардағы ірі бизнес өкілдерімен кездесуіндегі сөзі де Мемлекет басшысының болашақта жүзеге асырылуы тиіс шараларды да жіті ойластырғанын аңғартты. 


Айта кетерлігі, «Қазақстан халқына» атты әлеуметтік қор құрылды. Ол денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау салалары мен мәдениеттегі де нақты мәселелерді шешумен айналысатын болады. Бұл біздер үшін өте маңызды.

Біз, Т.Қ. Жүргенов атындағы Өнер академиясы ұжымы өз кезегімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Қазақстан қалыптастыру бойынша берген тапсырмасын жұмыла абыроймен атқарамыз деген сенімдеміз. Еліміздің болашағы жарқын болсын! 

Приемная комиссия