• 25.04.2024

KAZNAI-BALLET КОМАНДАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА 2 ОРЫН!

Авторkaznai

Сәу 3, 2023

2023 жылдың 27 наурызында Астана қаласы  Қазақ ұлттық хореография академиясының базасында Қазақстан Республикасының Шығармашылық жоғары оқу орындары арасында хореография бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Хореография» факультетінің «Хореография педагогикасы» кафедрасының 4 курс студенттерінен құралған «KAZNAI-BALLET» командасының қатысушылары құрамында Қасымханова Аружан, Адыльбекова Ақбота және Нұрмағамбетова Медина 2 орын лауреаты атанды.

Жауапты іс-шараға қатысуға студенттерге факультеттен жетекшілік еткен оқытушылары: Наталья Львовна Гончарова (Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Хореография педагогикасы» кафедрасының профессоры), Алима Талгатовна Молдахметова (Ph’D доктор, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі) және Габбасова Гүльнара Надымовна («Балетмейстерлік өнер» кафедрасының аға оқытушысы).

Студенттер мен олардың жетекшілерін құрметті 2 орын алуымен құттықтаймыз, хореографиялық өнер мен білім беру саласында одан әрі шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия