• 12.07.2024

Келелі кездесу

Авторkaznai

Мау 20, 2024

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына Ресей Ұлттық драма театрының (Александринский театр) директоры, Ресей Федерациясының «Өнер» бағыты бойынша Мемлекеттік Кеңес комиссиясының мүшесі Сергей Емельянов және театр директорының орынбасары Данил Толмачев жұмыс сапарымен келді.

Академия ректоры Арман Жүдебаев ресейлік театр басшылығымен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, «Театр өнері» факультетінің жұмыстарымен танысып, бітіруші түлектердің қойылымын тамашалады.

Тараптар алдағы уақытта тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық жобалар әзірлеуге және өзара қарым-қатынасты одан әрі тереңдету мақсатында жұмыстануға келісті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия