• 25.05.2022

АКАДЕМИЯ СТУДЕНТТЕРІ ҚАРТТАР ҮЙІНЕ БАРДЫ

Авторkaznai

Нау 3, 2022

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Кино және ТВ» факультеті, «ТВ режиссурасы» мамандығының  студенттері көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күні «Мейірімді жүрек» қарттар үйіне арнайы мерекелік бағдарламамамен барып қайтты. 

Көңілдерін шаттыққа бөлеген ескі әндер шырқалып, құрмет көрсетілді. Студенттер шәкіртақыларынан жиған ақшаға азық-түлік алып, ақсақалдар мен ақжаулықты әжелердің құрметіне арнап дастархан жайды. Емен-жарқын әңгіме құрып, көңілдері бір марқайып қалды. Сондай-ақ қарттарға арнайы күтім де жасалды. 

«Еліңнің болашағын білгің келсе, жастарыңды көрсет», дейді. Қарттарға көмек көрсетуде студенттеріміз ешқашан шеттеп қалған емес. Әр мереке сайын назардан тыс қалдырмайды. 

Қариясын сыйлап, төбесіне көтерген елден қасиет-кие деген айналып өткен емес! Біз студенттерімізбен мақтанамыз!

Приемная комиссия