• 25.06.2022

«Конституциялық реформа – жаңа Қазақстанның саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртудың негізі»

Авторkaznai

Мам 31, 2022

Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша 5 маусымда өтетін референдумға байланысты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірлесіп, 2022 жылдың  1 маусымында сағат 15.00-де «Конституциялық реформа – жаңа Қазақстанның саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелде келесі мәселелер талқыланбақ: саяси жүйені терең демократияландыру; суперпрезиденттік басқару нысанынан президенттік республика моделіне өту; Парламентті күшейту; президенттік өкілеттіктерді шектеу бағытында мемлекеттік билік тармақтарының тежемелер мен теңестірмелер жүйесін одан әрі жетілдіру, Парламенттің екі палатасының қызметін қайта жүйелеу және Мәжілістің рөлін күшейту, Конституциялық сотты құру; сайлау жүйесін демократияландыру; мәслихаттардың рөлін, олардың субъективтілігі мен дербестігін арттыру; адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін арттыру; өлім жазасын толық жою.

Дөңгелек үстел модераторы: Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры. с.ғ.д., профессор Әмірбеков Ш. А.

Баяндамашылар: Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Профессор-оқытушы құрамы

Дөңгелек үстелге Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның Профессорлық-оқытушы құрамы, студенттер мен магистранттар қатысады.

Приемная комиссия