• 10.12.2022

«Көпмәдениетті әлемдегі балалар мен кітаптар» атты үшінші Халықаралық конгресі

Авторkaznai

Қыр 29, 2022

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы
«Көпмәдениетті әлемдегі балалар мен кітаптар» атты үшінші Халықаралық конгресі

2022 жылдың 26-27 қыркүйегінде Республикалық Достық үйінде «Көп мәдениетті әлемдегі балалар мен кітаптар» атты ІІІ халықаралық конгресі өтті.

Өткізілген іс – шараның негізгі идеясы – Қазақстан  мен әлем елдерінен балалар әдебиетін ілгерілету бойынша педагогтарды, ғалымдарды, кітапханашыларды, баспагерлерді, аудармашыларды біріктіру; балалардың кітап оқуы мен балаларға арналған ұлттық әдебиет мұрасын сақтау мәселелерін талқылау.

Конгресті ұйымдастырушылар:

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми – сараптамалық кеңесі (Астана, Қазақстан),
  • Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы ( «Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар» кафедрасы) (Алматы, Қазақстан),
  • АКЕҰ «Аударма инститы» (Мәскеу, Ресей),
  • «ALTAIR» балалар кітап академиясы (Алматы, Қазақстан),
  • «Мир через духовность» қоғамдық бірлестігі (Астана, Қазақстан).

Конгрестің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлегендер:

  • Халықов Қабыл Заманбекұлы – Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ғылыми жұмыс жөніндеге проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор (Алматы қ, Қазақстан);
  • Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы – Қолданбалы этносаяси зерттеулер инстуты директорының орынбасары, Visiting Executive Scholar Maxwell School of Citizenship and Public Affairs Syracuse University стипендиаты, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты (Астана, Қазақстан);
  • Сүлейменова Элеонора Дүйсенқызы – филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, Халықаралық славяндар комитетінің мүшесі, «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қауымдастығының» президенті, ҚХА Ғылыми – сараптамалық кеңесінің мүшесі (Алматы, Қазақстан);
  • Салменбаева Толқын Тұрғалиқызы – ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары (Алматы, Қазақстан)

Пленарлық отырыстың МОДЕРАТОРЫ болып филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ҚХА Ғылыми – сарапшылық кеңесінің мүшесі, балалар ертегілерінің авторы Н.Ж.Шаймерденова сөз сөйледі.

«Қазақстан тарихы мен әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының атынан сөз сөйлеген СЕКЦИЯ МОДЕРАТОРЛАРЫ:

  • ӘЛІМЖАНОВА А.Ш. – кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі;
  • ШАЙМЕРДЕНОВА М.Д. – кафедра профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, ҚХА Ғылыми – сарапшылық кеңесінің мүшесі;
  • НҰРМҰХАМБЕТОВ А.А – тарих ғылымдарының докторы, PhD доктор, кафедраның аға – оқытушысы;
  • ЖҰМАҒҰЛОВ М.О. – әлеуметтік ғылымдар магистрі, аға – оқытушы.

Конгрестің негізгі спикерлері:

  • Элеонора Сүлейменова – филологият ғылымдарының докторы, ҚХА Ғылыми – сараптамалық кеңесінің мүшесі, «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қауымдастығының» президенті (Қазақстан),
  • Анна Эспарса – мәдениеттанушы (Франция – Ресей),
  • Нина Дашевская – ресейлік балалар жазушысы (Ресей),
  • Нұрсұлу Шаймерденова – балаларға арналған ертегілер авторы (Қазақстан),
  • Надежда Теплякова – балалар әдебиетінің зерттеуші – библиологы (Қазақстан),
  • Евгений Резниченко – Аударма институтының  атқарушы директоры, аудармашы (Ресей),
  • Сәуле Мұхашова – «Мир через духовность» Қоғамдық бірлестігі Кеңесі Президиумының Төрайымы (Қазақстан),
  • Роза Ақмағамбетова – Алматы қаласы Білім басқармасының «Жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының» бөлім меңгерушісі (Қазақстан),
  • Джемма Аманжолова – филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, «ALTAIR» балалар кітап академиясының жетекшісі (Қазақстан),
  • Меңдіғаным Шаймерденова – Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, ҚХА Ғылыми – сараптамалық кеңесінің мүшесі (Қазақстан).

Конгресс бағдарламасына Әзірбайжан, Израиль, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей Федерациясы (Ингушетия Республикасы, Шешен Республикасы, Дағыстан Республикасы), Өзбекстан, Жапония мемлекеттерінен 150-ден астам қатысушы тіркелген, олар екі күн бойы онлайн және офлайн режимде келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

  • Балалар әдебиеті: Келген болашақтың сын-қатерлері
  • Балалық шақ мәдениеті және қазіргі қоғамның LIFESTYLE-і
  • Балалар кітаптарында ел, халық тарихының бейнеленуі
  • Бүлдіршіндерге арналған балалар әдебиеті: жаңа тәсілдер мен форматтар
  • Балалар әдебиеті аударма айнасында

Іс – шараға қатысқан өкілдер:

  • Алматы қаласының Білім басқармасы,
  • Республикалық кітап палатасы,
  • Балалар әдебиетінің баспалары («Тентек», «Алматыкітап» баспалары),
  • Қоғамдық бірлестіктердің өкілдері.

Конгреске ҚР жоғарғы оқу орындары мен мектептерінен қатысқан ғалымдар:

  • Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА (Алматы),
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы),
  • М.В. Ломоносов атындағы ММУ филиалы (Астана),
  • Л.Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана),
  • М.Қозыбаев атындағы СҚУ (Петропавл)
  • ОҚМПУ Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті (Шымкент)
  • Еуразия гуманитарлық  институты (Астана)
  • Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті (Семей)
  • Физика-математика бағытында Назарбаев Зияткерлік мектебі (Астана)
  • «Қазақстан әйелдері» қоғамдық қоры (Алматы)
  • №19 орта мектеп (Семей)
  • №59 мектеп-гимназия (Астана)
  • «Ғылыми-медициналық қоғам» қоғамдық бірлестігі (Алматы)

Конгресс басында ұсынылды:

  • «Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кітапханасының Балалар кітабы қоры»  Тутибаева Э.А. (кітапхана жетекшісі);
  • Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА оқытушыларының, докторанттарының, магистранттарының «Сурет және мүсін галереясы» – Тоқпанова М.К. (мұражай және галерея меңгерушісі);

Көрмеге арналған картиналар мен мүсіндерді Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы таныстырды:

Тұрғынбай Болат Сырлашұлы, Сүлейменов Төлеген Орынбасарұлы, Тайынов Серік Айтқазынұлы, Сатаев Нұрлан Қаленұлы, Сүлейменов Рауан, Бейсенов Алтай, Сүлеймен Сандуғаш Төлегенқызы, Захарова Екатерина, Тоқпанова Манзура Қызтуғанқызы, Атейбеков Дархан, Тұрсалиев Жәнібек.

  •  Концерттік бағдарламаға музыка бөлімінің орыс және қазақ топтарының студенттері қатысты.
  • Концерттік бағдарламаға Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА музыкалық-хореография факультетінің студенттері қатысты – Ғаббасова Г.Н. (Хореография факультеті деканының орынбасары), педагог – Жұмағалиева А.М.)

Конгресс бағдарламы келесі бағыттарды қамтыды:

  • Балалар әдебиеті: Келген болашақтың сын-қатерлері
  • Балалар кітаптарында ел, халық тарихының бейнеленуі
  • Бүлдіршіндерге арналған балалар әдебиеті: жаңа тәсілдер мен форматтар

Барлық қатысушылар конгресс мәселелерінің өзектілігін, оның мектептегі және университеттегі білім беру жағдайында қазіргі балалар мен жасөспірімдер әдебиетін оқу мен зерттеу мәселелерін шешудегі жоғары маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның нәтижесінде:

  • Конгресс қатысушыларының сөйлеген сөздерінің жинағы жарияланады, ол ұйымдастырушылардың сайтында қолжетімді болады;
  • Қазақстандағы балалар әдебиетін дамыту бойынша ұсыныстар әзірленеді (Конгресс қарары ҚХА ҒСК және тиісті ведомстволардың қарауына жіберіледі);
  • Қазақстанда балалар кітаптары жөніндегі Халықаралық кеңестің Ұлттық секциясын (IBBY) ашу бағдарламасы таныстырылады (https://www.ibby.org/);
  • қазіргі заманғы балалар әдебиетін (қазақшасын – орыс тіліне; орысшасын – қазақ тіліне) аудару саласындағы Аударма институтының серіктестерімен бірлесіп жүзеге асыру жоспарланған халықаралық жобаларды іске қосу туралы келісімге қол жеткізіледі;
  • ТМД елдері мұғалімдерінің функционалдық және оқу сауаттылығын арттыру бойынша бірлескен жұмыстың тетіктері іске қосылады (PISA және PIRLS аясында);
  • «Оқитын мектеп» Ұлттық жобасының жүзеге асырылуына арнап ұсынылуы мүмкін «Altair» балалар кітабы академиясы мен Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның балалар мен ересектердің кітап оқу мәдениетін дамыту туралы авторлық жобалары таныстырылады.

Еліміз үшін осындай қиын-қыстау күндерде Қазақстандағы балалар әдебиетін дамытуға қатысты мәселелерді талқылау, кітап оқуға деген қызығушылықты ояту мен балалардың назарын аудару үшін зерттеушілер, жазушылар, оқырмандар мен қоғам қайраткерлерінің басын қосатын мұндай шаралардың маңызы зор.

III Халықаралық конгресс туралы БАҚ сілтемелері

 Instagram  https://www.instagram.com/reel/Ci9PiBXINny/?igshid=MDJmNzVkMjY%3D  
 AlmatyTVhttps://almaty.tv/news/kultura/1737-balalar-adebieti-elimizde-audarmashy-dgok  
 Youtu.behttps://youtu.be/si5iSRrRZ  
 OpenAlmatyhttps://open-almaty.kz/ru/content/v-almaty-sostoitsya-mezhdunarodnyy-kongress-deti-i-knigi-v-polikulturnom-mire  
 KazNPUhttps://www.kaznpu.kz/ru/23902/news/  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия