• 25.09.2022

«Көркем сын» пәні бойынша Республикалық пәндік Олимпиадасы өтті

Авторkaznai

Нау 31, 2022

2022 жылдың 28 наурызында 6В02195 «Өнертану» БББ «Көркем сын» пәні бойынша Республикалық пәндік Олимпиадасы өтті

 «Өнертану» факультетінің «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасы ағымдағы жылдың наурыз айының 28 күні «Өнертану» мамандандыруы бойынша «Көркем сын» пәнінен Республикалық пәндік Олимпиадасы оффлайн форматта дәстүрлі негізді 72 аудиторияда өткізді. «Өнертану» БББ бойынша білім алушы 2-3 курс студенттері олимпиадаға белсенді түрде қатысып, өздерінің біліктілікітерін көрсетті. Білімгерлер олимпиада барысында өздерінің бейнелеу өнерінің тарихы жайлы кәсіби білімдерін дәлелдей отырып, өнертанудың, бейнелеу өнерінің бүгінгі үдерістегі өзекті заманауи мәселелеріне де қалам тартты.

Іс-шараны ашылу салтанаты академия ректоры А.Сатыбалдының тілек сөздерімен ашылып,  әрі қарай олимпиада қатысушыларына арналған концертпен жалғасын тапты.   Концерттен соң қатысушыларды аудиториялар бойынша бөліп, кафедра меңгерушісі К.С. Оразкулова алғысөз сөйлеп, олимпиада талаптарымен таныстырып білімгерлерге сәтілік пен шығармашылық шабыт тіледі.

Олимпиадаға қатысушылардың назарына келесі тақырыптар ұсынылды:

  •  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрмелерге жас өнертанушының пікірі;
  •  Е.Сергебаев шығармашылығындағы мүсіндік портреттер галереясы;
  •  Еркін тақырып: Қазақстан және шетел суретшілерінің шығармалары (стилистикалық талдау).

Олимпидаға ф.ғ.к., кафедра меңгерушісі, профессор К.С.Оразкулова төрағалық етті.

Мүшелері:  

  • 1. Акбаева Ш.А.– Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Көркемдік білім беру» кафедрасының доценті, п.ғ.к.;
  • 2. Кенжебаева Л.А. – «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы, өнертану магистрі;
  • 3. Қарабалаева Б.Р. – «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы, өнертану магистрі;
  • 4. Джабыкбаева М.Б. – «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының оқытушысы, өнертану магистрі;
  • 5. Ыдырыс З.А.  – «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы, өнертану магистрі, жауапты хатшы.

Олимпиада қорытындысы бойынша:

I орын – Руханова Ақдана (2 курс);

II орын – Тулькенова Диляра  (3 курс), Тасқынбаева Жанеля (3 курс) иеленді.

III орынды – Шәкір Шұғыла (3 курс), Кожамуратова Айтолқын (3 курс), Серікбай Айгерім (2 курс).

Сондай-ақ, ынталандыру алғыс хатына Шынарбек Назерке (3 курс), Серікбай Меруерт (2 курс), Жұмақан Шынар (3 курс) және Джумагалиев Жанибек (3 курс) ие болды.

Приемная комиссия