Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Кино және ТВ» факультеті, «Кино және ТВ мамандығының» 2-курс магистранты Рахым Самғарды «Meihodo» IV жыл сайынғы Халықаралық жастар визуалды медиа фестивалінде күміс жүлдені иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Фестиваль Американың Нью-Йорк қаласында өткен. Жас кинорежиссерлерді қолдау мақсатында Голливудтың белгілі актерлері, Оскар сыйлығының иегерлері Майкл Дуглас пен Жюльет Бинош байқаудың құрметті қонағы қатарында болды.
Биылғы фестивальдің тақырыбы — «Цифрлық революциядағы үлкен армандар». Байқауға дүниежүзінен мыңдаған өтінімдер түсіп, студентіміздің «Street Poet» фильмі ең жақсы жұмыстар қатарынан көрінді.
Айта кету керек, фестиваль ұсынған жалпы жүлде қоры — 100 000 АҚШ долларынан асып, жеңімпаздар алғаш рет NFT токені мен криптовалютамен марапатталды.
Студентімізге алдағы уақытта сарқылмас шабыт тілейміз. Жеңісті күндер көп болсын!
