• 27.05.2024

«Миллер оқулары – 2024: «Ғалымдарға арналған жұмақ»

Авторkaznai

Мам 16, 2024

2024 жылдың 14-16 мамыр аралығында «Бейнелеу өнерінің тарихы және теориясы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, музейтанушы, ICOM мүшесі Мадина Зұлпыхарқызы Мұсаханова

Ресей ғылым академия мұрағатының Санкт-Петербург филиалы ұйымдастырған «Миллер оқулары – 2024: «Ғалымдарға арналған жұмақ»: Ресей ғылым академиясының 300 жылдығына» атты Халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.

«Миллер оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясының мақсаты – әлемдік ғылыми және мәдени мұраны сақтау және зерттеу мәселелеріне назар аудару, тарихи және ғылыми зерттеулер саласындағы, ғылым, мәдениет, білім мекемелері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты және мәдениетаралық өзара әрекеттестікті кеңейтуге жәрдемдесу.

Профессор Мұсаханов М.З. «Қазақстан музейлеріндегі қағаз жүзіндегі жәдігерлерді қалпына келтіру ерекшеліктері»» тақырыбында баяндама жасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия