• 29.03.2024

«Музей қызметінің негізгі бағыттары»

Авторkaznai

Мау 14, 2022

2022 жылдың 25 сәуірі мен 29 сәуірі аралығында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, музейтанушы, ICOM мүшесі Мадина Зұлпыхарқызы Мұсаханова  «Музей қызметінің негізгі бағыттары» атты авторлық бағдарламасы бойынша Қазақстан музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізді. Бағдарлама аясында қатысушылар келесі бөлімдермен танысты:

2022 жылғдың 6-10 маусым аралығында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Бейнелеу өнерінің тарихы және теориясы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, музейтанушы, ICOM мүшесі Мадина Зұлпыхарқызы Мұсаханова «Экскурсиялық қызметті ұйымдастыру және оның технологиясы» авторлық бағдарламасы бойынша Қазақстан мұражай қызметкерлеріне біліктілігін арттыру курстарын өткізді.

Бағдарлама аясында қатысушылар келесі бөлімдермен танысты:

  • 1-бөлім. Экскурсияның мәні, экскурсияның функциялары мен белгілері
  • 2-бөлім. Экскурсиялардың классификациясы
  • 3-бөлім. Жаңа экскурсияны дайындау технологиясы
  • 4-бөлім. Экскурсия жетекшісінің тұлғасы
  • 5-бөлім. Экскурсиялық қызметтегі инновациялар

Курстардың ұзақтығы 36 академиялық сағатты құрады.

Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасына Қостанай облысының Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының, Бейімбет Майлин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының, Торғай мұражайларының Жангелді кешенінің қызметкерлері, Түркістан облысының мәдениет басқармасының мамандары белсене қатысты.

Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары музей ісіндегі заманауи талаптар мен тенденцияларды ескере отырып, экскурсиялық қызметті ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық тәсілдерін меңгерді.

Курс соңында тыңдаушылар белгіленген үлгідегі сертификатқа ие болды.

Приемная комиссия