• 09.12.2024

Профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

Авторkaznai

Май 14, 2021

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Кафедра атауыКафедра меңгерушісіПрофессорДоцентАға оқытушыОқытушы
Актер шеберлігі және режиссура2 (1-актер.рөлмен жұмысы, 1- актер. шебер.)2 (1- актер.рөлмен жұмысы,1- актер. шебер.)
Сахна тілі12
Жеке ән салу222
Сахна пластикасы және дене тәрбиесі1 (МҒЗЖ)1 (классик.би негіздері)2 (1-сахна қозғал., 1-сахна сайысы)
Музыкалық театр1 (фортепиано)1 (актер. шебер.)2 (актердің ролмен жұмысы)
Сценография3 (1-композиция, 1-костюм. конструк.,1-компьют.графика)
Дәстүрлі музыкалық өнер1 (халық әні)1 (халық аспаптары)1 (халық аспаптары)3 (1-айтыс, 2-халық аспаптары)
Эстрадалық оркестр аспаптары1 (МҒЗЖ)2 (1-саксафон, 1- джаз.фортепиано)
Эстрадалық вокал11 (эстрад. вокал)3 (1-МҒЗЖ, 2- эстрад. вокал)1 (эстрад. вокал.оқытуәдістем.кәсіби меңгеру)
Экрандық өнер режиссурасы2 (1- практик.режиссура, 1-режис.суретшімен жұмыс істеу)4 (1- МҒЗЖ, 1-режиссура, 1-қазіргі кино үрдесі, 1-тәжериб. режиссура)
Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер12 (1-дыбыс.техникал.жабдықтар, 1-студиялық камерамен жұмыс)1 (телеоператор.шеберлігі)4 (1-фильм өндіріс.негіздері, 1-дыбыс монтажы, 1-жарықтандыру негіздері, 1-оператор шеберлігі)
Арт-менеджмент және продюсерлеу1 (маркетинг)1 (продюсер шеберлігі)1 (адам ресурстарын басқару)
Театр өнерінің тарихы мен теориясы1
Кино тарихы мен теориясы2  (1-кино сыны, 1-кино теориясы)1 (сценарий шеберлігі)
Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы22
Көркемсурет12 (1-монумен.кескіндеме, 1-станоктік  кескіндеме)3 (2-МҒЗЖ, 1-анатомиял.сурет)2 (1-арнайы сурет, 1-реалистік мүсін)1 (рельефтік мүсін)
Дизайн1 (сәулет. және ландшафт.дизайн)
Сәндік-қолданбалы өнер1 (ағашты көркемдеп өңдеу)
Балетмейстерлік өнер2 (1-режиссура, 1-тарихи-тұрмыстық би)
Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар1 (философия)5 (1-орыс тілі, 1-әлеуметтану, 2-құқық негіздері, 1- философия)
Шет тілдер және Қазақстан халқы Ассамблеясы2 (1- ағылшын тілі, 1-неміс тілі)
Компьютерлік технологиялар4 (комп.графика)

Профессор–оқытушы құрамының лауазымдарына орналасуға арналған конкурс ҚР МСМ «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ Ғылыми кеңесінің 2021 жылғы 26 наурыздағы (№8-хаттама) шешімімен бекітілген   ҚР МСМ «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.

Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Кафедра меңгерушісінде  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары, білім менеджменті бойынша  біліктілікті арттыру  курстарынан өту туралы сертификаттың (куәлік) болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  2. Профессорда жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе  профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, соның ішінде доцент лауазымында  кемінде 5 жыл,  оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  3. Доцентте жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе  қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, соның ішінде аға оқытушы лауазымында  кемінде 5 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  4. Аға оқытушыда  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде оқытушы лауазымында  кемінде 3 жыл немесе кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша тәжірибелік (шығармашылық) жұмыс  өтілі кемінде 7 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  5. Оқытушыда  кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша жұмыс  өтілі кемінде 3 жыл  болған жоғары білімі және/немесе магистр академиялық дәрежесі, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.

Доцент, профессор лауазымдарына орналастыру бойынша конкурсқа мамандығына сәйкес ғылыми атағы және ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ мамандығы бойынша үлкен тәжірибелік жұмысы бар және танылған, мойындалған жетістіктері бар мамандар жіберіледі.

Конкурсқа қатысушының білімі, ғылыми және академиялық дәрежесі, жұмыс өтілі кафедраның бағдарына сәйкес келуі міндетті.

Артықшылықтар ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе құрмет атағы (ҚР мемлекеттік марапаттары) барларға, ағылшын тілін меңгергендерге, алыс шетел университеттерінде оқытушылық тәжірибесі барларға, оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жұмыс негіздерін меңгергендерге беріледі.

Конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар Академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке төмендегі құжаттар қоса тіркеледі:

  1. форматы 3,5×4,5 суреті бар мамандарды есепке алу бойынша жеке парақ;
  2. барлық қажетті  мәліметтер толық жазылған өмірбаян;
  3. жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  5. конкурсқа қатысушының соңғы жасаған жұмыс орнының уәкілетті тұлғасының қолымен және ұйымның мөрімен расталған, осы Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын №2 -қосымшаға (бұдан әрі мәтін бойынша -№2 -қосымша) сәйкес толтырылған ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстарының тізімі;
  6. мекеме басшысы қол қойған мінездеме;
  7. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті бар жеке медициналық кітапшасы;
  8. ;
  9. көшірмесі  және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  2. сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
  3. .

            Академияда жұмыс істейтін адамдар конкурсқа қатысу үшін Академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

  1. кафедра меңгерушісінің қолы қойылған мінездеме;
  2. кафедра меңгерушісінің қолымен куәландырылған ғылыми, оқу,оқу- әдістемелік және шығармашылық жұмыстардың тізімі;
  3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  4. сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
  5. .

            Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

            Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі 127, № 2 кабинет  (Қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).

  • Құжаттар 2021 жылдың 14 маусымына дейін өткізілуі керек.
  • Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85, 8-747-562-59-67.
Приемная комиссия