• 28.03.2024

Шахматтан ON-LINE турнир өтті.

Авторkaznai

Жел 6, 2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ҰӨА студенттері арасында шахматтан ON-LINE турнир өтті.

2021 жылдың 4 желтоқсан күні Сахна пластикасы мен дене тәрбиесі кафедрасы шахматтан Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері арасында турнир ұйымдастырды.

Жарыс https://www.playok.com/ сайты арқылы,  сағат 10.00-де онлайн форматта өтті. Швейцариялық тәсілмен, рапид түрінде өткізілген ойынға академияның барлық факультеттерінің студенттері қатысты.

Жарыстың нәтижелері:

1 орын – Қырғызбаев Рамазан, 2 курс «Кино және ТД»

2 орын – Құлмырза Дінмухаммед, 2 курс «Кино және ТД»

3 орын – Кенжакунов Расул, 1 курс «Кино және ТД, анимация»

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі грамоталармен   марапатталады.

Приемная комиссия