Бүгін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қолдауымен «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ!» атты IX қалалық балалар кинофестивалі өтті.
Фестивальдің басты мақсаты – 11-17 жас аралығындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, кино және телевидение саласында дарынды балаларды анықтау және кәсіби бағдар беру. Сонымен қатар, кино өнеріне қызығушылық танытқан жас таланттарды осы салада білім алуға ынталандыру көзделді.
Қазылар алқасы:
Қатысушылардың жұмыстарын «Кино және ТВ» факультетінің оқытушыларынан құралған қазылар алқасы бағалады:
Исаев Олжас Мархабаевич – «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, қазылар алқасының төрағасы.



Попов Владимир Ильич – «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы.
Әлжанов Райымбек Амангелдіұлы – «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының оқытушысы, PhD докторы.
Шляпников Андрей Владимирович – «Аудиовизуалды және операторлық өнер» кафедрасының оқытушысы.
Абельдинов Адай Құнанбайұлы – «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының оқытушысы, PhD докторы.
Әмержанов Қазбек Жақыпович – «Аудиовизуалды және операторлық өнер» кафедрасының оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі.
Фестиваль жас кинематографистер үшін үлкен мүмкіндік сыйлап, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жол ашты.

