• 26.12.2024

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясының отырысы

Авторkaznai

Июл 8, 2023

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы «Шет тілі және ҚХА» кафедрасы Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясының отырысы

2023 жылғы 29 маусымда Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттері және оларды іске асыру жолдары туралы Мемлекет Басшысының ҚХА-ның ХХХІІ сессиясындағы тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтті.

Ұйымдастырушылар:

Қатысушылар: қала аудандары әкімдерінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, Алматы қаласының Республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктерінің басшылары, Алматы қаласының профессор-оқытушылар құрамы және ЖОО ғалымдары.

Іс-шараның мақсаты: елдің азаматтық бірлігін, жалпыұлттық бірегейлігін және этноәлеуметтік тұтастығын нығайту.

Құттықтау сөз сөйледі: Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қырықбаев А. О. Ол елімізді саяси жаңғыртуда, жалпыұлттық бірлікті нығайтуда қалалық Ассамблеяның маңызды рөлін атап өтті.

Негізгі спикерлер:

  • Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы Лукашев В. А.;
  • Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ақсақалдар кеңесі» төрағасы Шардинов А. Б.;
  • Алматы қаласындағы «Ассамблея жастары» РҚБ (Республикалық қоғамдық бірлестік) өкілдігінің кураторы, «Ұйғыр жастар одағының» төрағасы Қайрыев Р. А.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының атынан сессияға — ҚХА мүшесі, ҚХА Ғылыми – сараптамалық кеңесінің мүшесі, т. ғ. к. (тарих ғылымдарының кандидаты), профессор, ХАА академигі Шаймерденова М. Д. қатысты.

Сессияда қалалық Ассамблея елдің саяси жаңғыруында және жалпыұлттық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.  Консультативтік-кеңесші орган реформаларды қоғамдық қолдауды кеңейтуге, барлық этностарды мемлекет дамуының стратегиялық міндеттерін шешуге тартуға ықпал етті. Қазір ҚХА рухани құндылықтарды ілгерілету бойынша жобаларды табысты іске асыруда. Волонтерлік және қайырымдылық іс-шараларды белсенді қолдайды, медиация институтының дамуына үлес қосады, сондай-ақ жастармен тығыз жұмыс жүргізеді. Қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысушылардың назарын жастарды қызықтыру маңызды мәселелерге аударды.

Сондай-ақ, пікір алмасу болды, сессия Хаттамасында жазылған бірқатар шешімдер қабылданды.

Желідегі ақпаратқа сілтеме: https://vecher.kz/realizatsiiu-zadach-xxxii-sessii-ank-obsudili-v-almaty-1688046000

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия