• 07.10.2024

«Қазақстан халқының тарихи жады: тарих және қазіргі заман»

Авторkaznai

Мау 4, 2024

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХИ ЖАДЫ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР», «ШЕТ ТІЛДЕРІ МЕН ҚХА» КАФЕДРАЛАРЫНЫҢ ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ  ҚАТЫСУЫ

2024 жылдың мамыр айының 29-30 күндері Қарағанды қаласында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Қазақстан халқының тарихи жады: тарих және қазіргі заман» атты Халықаралық форум ұйымдастырылды (Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған). Форум «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясында өтті.

Форумға қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар, ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың, шығармашылық зиялы қауымның, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, тоталитарлық режим құрбандарының ұрпақтары қатысты.

Форумның мақсаты – Қазақстан халқы тарихының қасіретті беттерінің ортақ тарихи жадын сақтау, қаралы кезеңді зерттеуде заманауи зерттеу әдістерін қолдану арқылы жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РМУ, «Шаңырақ» ҚХА кафедралар бірлестігі.

Халықаралық форум аясында келесі іс-шаралар өтті:

  • Халықаралық ғылыми-практикалық конференция;
  • Қазақстанға жер аударылған халықтардың тарихи жадына арналған көрмелер;
  • Сәкен Сейфуллинге арналған көрме;
  • Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған еске алу митингі;

Форумға Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан секциялық отырысқа қатысып, баяндама жасағандар:

  •  «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, ХАА академгі Алимжанова Алия Шарабековна;
  • «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, асс. проф, ХАА академигі,ҚХА мүшесі, ҚХА Ғылыми-сарапшы тобының мүшесі Шаймерденова Мендыганым Джамалбековна.

Секциялық отырыстарда Қазақстан Республикасының және жақын шет елдердің  жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғалымдары, ҚХА мүшелері, ҚХА Ғылыми-сарапшы тобының мүшелері, ҚХА ҒСК мүшелері, қуғын-сүргін құрбандары мен жер аударылғандардың ұрпақтары, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері және т.б. сөз сөйледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия