• 31.01.2023

«Қазақстан мүсіні: өткені мен бүгіні»

Авторkaznai

Қар 10, 2022

2022 жылдың 10 қарашасында сағат 10.00-де Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Өнертану» факультеті «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасы  және «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті  «Көркемсурет»  кафедрасы Ресей өнер академиясы жанындағы В. И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық институтымен бірлесе ұйымдастырылған  «Қазақстан мүсіні: өткені мен бүгіні» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Әлімбайұлы Әбішевтің шығармашылығына арналған. Конференция барысында мүсінші Бақытжан Әлімбайұлының еліміздің мүсін өнерінің дамуына қосқан үлесі, ұрпағына қалдырған бай мүсіндік мұрасы жайлы ғылыми мақалалар оқылып, көркем шығармашылығы мен қолтаңбалық мәнерінің ерекшелігі талқыланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия