• 04.10.2024

Қоқыстан да табыс табуға болады

Авторkaznai

Мам 30, 2024

Алматы қалалық әкімшіліктің бастамасымен «Алматы – біздің ортақ қала» атты іс шара өткізілген. Іс шараның ақырында қоғамдық орындар мен экологияға  ұқыпты қарауға бағытталған  «Мусорги» атты флэшмоб орын алды.  

Қоқыс түріндегі костюмді кейіпкерлерді алматылық суретшілер тобы құрды, олар осылайша ұтымсыз тұтыну және табиғи ресурстарға жауапсыз қарау салдарына назар аударуға тырысты. Сол кейіпкерлер арасында Ауаның ластануының символы ретінде «Әуе патшайымы “,  мұнай өңдеу өнімдерінен өндірілетін қоқыстан құралған ” Қоқыс бике Мұнайбайқызы ” жиналған халықтың назарына бірден түсті. Флешмоб жоспары бойынша “Мусорги” орталық көшелердің бірі – Панфилов бойымен жүріп, шеруді Арбатта аяқтады. Қала тұрғындары экологиялық мәселелерді уақтылы шешудің маңыздылығы туралы пікір білдіріп, ерекше өнер жобасын тамашалауға келді.   

“Біздің қала-біздің мақтанышымыз” науқанының төртінші аптасында “Қоқыстан жасалған үздік өнер нысаны”байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.  

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің бірінші курс студенті Әли Жадықов иеленді. Оның жұмысы –  “Ластанған сана” жобасы қоқыстан құралған ең үздік арт-объект болып танылды.  Жеңімпазға  1 000 000 теңге сыйақы табыс етілді.   

Әли баламызға сәттілік тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия