• 24.04.2024

Құттықтау шарасы өтті.

Авторkaznai

Қар 1, 2022

2022 жылдың 31-қазан күні Темірбек  Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында белгілі жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековті Қазақстанның Еңбек Ері құрметті атағы мен Алтын жұлдыз және «Отан» орденімен марапатталуына орай арнайы құттықтау шарасы өтті. «Өнертану» факультетінің ұйымдастыруымен өткен шараға академия ректоры Азамат Сатыбалды, академия профессорлары драматург Сұлтанәлі Балғабаев, жазушы Смағұл Елубаев,  «Өнертану» факультетінің деканы Меруерт Жақсылықова бастаған ұстаздар және студенттер қауымы қатысты.

Құттықтау шарасы, Д.Исабековтың 22 қазан күні ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Отан» ордені мен Қазақстанның Еңбек Ері марапатын алуына орай өткізілген болатын. Жазушыға бұл беделді марапат қазақ әдебиетінің дамуына қосқан зор үлесі үшін берілді. Осыған орай жиналған қонақтар қаламгерді жоғары атаққа ие болуымен және 80 жас мерейтойымен құттықтап, елге сіңірген еңбегі үшін алғыстарын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айында жазушының 80 жас мерейтойына орай «Исабеков әлемі» атты ІІ халықаралық театр фестивалі өтіп, оған Қазақстан, Түркия, Грузия, Австралия елдерінің театр ұжымдары қатысқан болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия