• 19.03.2024

«Qyzğaldaq-2022» ІІ Халықаралық студенттік конкурс-пленэрі басталды

Авторkaznai

Сәу 25, 2022

Бүгін, 25 сәуір күні Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Qyzğaldaq-2022» ІІХалықаралық студенттік конкурс-пленэрі басталды.

Байқауда Қазақстан, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің онға жуық жоғары оқу орындарынан 20-дан аса студент бағын сынайды.

Конкурсқа қатысушы жоғары оқу орындары:

  • Чунгнам ұлттық университеті, Тэджон қаласы, Оңтүстік Корея;
  • Т.Садықов атындағы көркемсурет академиясы, Бішкек қаласы, Қырғызстан;
  • Камолиддин Бехзода атындағы ұлттық көркемсурет және дизайн институты, Ташкент қаласы, Өзбекстан;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы;
  • Қазақ ұлттық өнер университеті, Нұр-Сұлтан қаласы;
  • Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Алматы қаласы;
  • Алматы гуманитарлық экономикалық университеті (Сымбат) Алматы қаласы
  • Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы қаласы.

26 сәуір күні конкурс-пленэр қатысушылары «Шарын» шатқалына (Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы обл.) саяхат жасап, табиғат көрінісінен этюд жазбақшы.

Ал 27 сәуірде оларды Алматы қаласының тарихи, мәдени орындарымен, көрікті жерлерімен таныстыру жоспарланған.

Сондай-ақ, осы күні (27 сәуір) байқау жеңімпаздары анықталып, жабылу салтанатында марапаттау рәсімі өтеді.

Комиссия мүшелері:

Ешкенов Ғазиз Ағзамұлы қазылар алқасының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері, академиямыздың құрметті профессоры;

Шим Вун Тайк – Оңтүстік Корея, Чунгнам Ұлттық университетінің профессоры;

Жұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының төрағасы;

Байділда Бауыржан Нұрбекұлы – «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор;

Қайрамбаев Жұмақын Қожақынұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор;

Батурина Ольга Владимировна – өнертану ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері;

Сүлейменов Төлеген Орынбасарұлы  – «Мәдениет саласының үздігі», «Көркемсурет» кафедрасының доценті.

Приемная комиссия