• 28.03.2024

«Qyzğaldaq-2022» ІІ Халықаралық студенттік байқауы өтті

Авторkaznai

Сәу 29, 2022

Жас таланттар байқауын академия галереясы және «Көркемсурет» кафедрасы  ұйымдастырды. 

Байқауға «Кескіндеме» бағыты бойынша (бейнелеу өнері, дизайн және қолданбалы өнер саласы) Қазақстан және өзге елдердегі жоғары оқу орындарының студенттері шақырылды. 

Қазақстан, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің онға жуық университетінен 20-дан аса студент өнер бәйгесінде бағын сынады.

26 сәуір күні конкурс-пленэр қатысушылары «Шарын» шатқалына саяхат жасап, табиғат көрінісінен этюд жазды.

Толығырақ: Алматыда «Qyzğaldaq-2022» ІІ Халықаралық студенттік байқауы өтті (egemen.kz)

Приемная комиссия