• 11.11.2024

«Qyzğaldaq-2022» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК КОНКУРС-ПЛЕНЭР

Авторkaznai

Апр 23, 2022

«Qyzğaldaq-2022» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК КОНКУРС-ПЛЕНЭР

2022 жылдың 25-27 сәуір аралығында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия галереясы және «Көркемсурет» кафедрасының  ұйымдастыруымен «Qyzğaldaq-2022» ІІ-Халықаралық студенттік конкурс-пленэр өткізіледі. Халықаралық студенттік конкурс-пленэрге қатысуға «Кескіндеме» бағыты бойынша (бейнелеу өнері, дизайн және қолданбалы өнер саласы) жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады.

Зерттеушілердің пікірінше, қазіргі Қазақстанның аумағы қызғалдақтың отаны және таралу аймағы болып табылады. Әрине, Орта Азиядағы көрші мемлекеттер де бұдан қалыс қалмайды, өйткені физикалық география саяси шекараларды мойындамайды. Алайда Орта Азияда кездесетін қызғалдақтың 64 түрінің 35-і Қазақстанда өседі (мұндай көрсеткіш еш жерде жоқ!). Олар әр көктем сайын гүлдеп, республиканың барлық аумағы дерлік масаты кілемдей құлпырып, көздің жауын алады. Бұл асыра айтқандық емес, Қазақ даласы шын мәнінде Жер бетіндегі ең үлкен табиғи гүлзарға айналады!

Қазақстандағы қызғалдақтар –  таңғажайып көрініс. Әрине, Голландияда гүлдеген қызғалдақтарды тамашалауға мыңдаған туристер жиналады, бірақ қазақстандық қызғалдақтардың ерекшелігі – адамдардың араласуынан тыс пайда болған, табиғи сұлулық. Сондықтан қызғалдақ — ұлттық құндылық ретінде дәріптеліп, брендке айналдыруға әбден лайық төл табиғи сұлулығымыз.

  1. Мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: әр елдің пейзаждық мектебінің дәстүрімен танысу; жоғары оқу орындарынан қатысушы шығармашыл дарынды студенттердің өзара тәжірибе алмасуы; халықаралық байланыс пен қатынастарды қалыптастыру және нығайту; жас дарынды суретшілерді анықтау және марапттау.

Міндеті: Алматы қаласы, Алматы облысы және Алатау бөктерін алма жемісі мен жауқазын гүлдерінің тарихи отаны ретінде таныстыру; студенттерді отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу; жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін дамыту;  әр елдің бейнелеу өнер мектебімен танысу.

  • Конкурстың өткізілу тәртібі мен бағдарламасы

   25 сәуір 2022 ж.  

  • сағат 09.00-10.00 — қатысушыларды тіркеу.
  • сағат 10.00 – Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сында «Qyzğaldaq-2022» ІІХалықаралық студенттік конкурс-пленэрдің ашылу салтанаты;
  • сағат  11.00 -16.00 – Алматы қаласының көрікті жерлерінен этюд жазу.
  • 13.00 -14.00 – түскі ас
  • сәуір 2022 ж.
  • сағат  08.00-18.00  – «Qyzğaldaq-2022» ІІХалықаралық студенттік конкурс-пленэріне қатысушыларды «Шарын» шатқалына (Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы обл.) алып бару. Табиғат көрінісінен этюд жазу.
  • сәуір 2022 ж.
  • сағат 10.00-12.00 – «Qyzğaldaq-2022» ІІХалықаралық студенттік конкурс-пленэрдің нәтижесі бойынша этюдтік  жұмыстарды  бағалау  комиссиясының  жұмысы.   
  • сағат 09.00-13.00 «Qyzğaldaq-2022» ІІХалықаралық студенттік конкурс-пленэріне қатысушыларды Алматы қаласының тарихи, мәдени орындарымен таныстыру (Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы, ҚР мемлекеттік орталық мұражайына, т.б. экскурсия)
  • сағат 14.00-16.00 – «Qyzğaldaq-2022» ІІХалықаралық студенттік конкурс-пленэрінің жабылу салтанаты, жеңімпаздарды дипломдармен марапаттау және барлық қатысушыларға сертификаттар тапсыру. Іс-шараның жабылу рәсімі.
  • Конкурстық комиссия

Конкурстік комиссия құрамына Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сының профессор-оқытушылары, Қазақстанның белгілі суретшілері және шетелдік суретші мамандар кіреді.

4. Бағалау критерийлері

  • —    жұмыс мазмұнының байқау тақырыбы мен міндеттеріне сәйкестігі;
  • — шығармашылық жұмысты орындаудағы жеке қолтаңбасының болуы, көркемсуреттік шеберлік деңгейі (орындау техникасы, тақырыпты егжей-тегжейлі зерттеу дәрежесі және күрделілігі).
  • —    композициялық шешімнің тұтастығы;
  • —    безендіру сапасы және көрсету мәдениеті.

5. Марапаттау

Конкурс-пленэрдің нәтижесі бойынша қатысушылар келесі деңгеймен марапатталады:

  • Гран-При — дипломы — 1 студент
  • І дәрежелі  диплом  –  1 студент
  • ІІ дәрежелі диплом  –  1 студент
  • ІІІ дәрежелі диплом –  1 студент

Номинациялар:

  • Ең үздік композициялық шешім — 1 студент
  • Ең үздік колористік шешім – 1 студент
  • Ең үздік табиғат көрінісі – 1 студент
  • Көрермен көзайымы — 1 студент

          қалған барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

6. Ұйымдастыру-техникалық талаптар

2022 жылдың 18-інші сәуіріне дейін жоғары оқу орындарынан қатысушы студенттердің аты-жөні көрсетілген ресми хат және қатысушылардың өтініш парақшасы nurlan.kaznai@mail.ru электрондық поштасына жіберілуі қажет. Сонымен бірге, студенттің фотосуреті, жеке куәлігі немесе паспортының көшірмесі, 2-3 шығармашылық суреті жіберілуі керек. Конкурс-пленэрде қатысушы студенттер өздеріне  қажетті материалдарды бірге ала келуі тиіс (қарындаш, бояулар, және этюдник т.б.), ұйымдастырушы тарапынан 50х60 см көлемдегі кергішке керілген 2 кенеп пен 1 қорап майлы бояу, еріткіш, қылқаламдар, беріледі. Қатысушылар пленэрде екі жұмыс орындайды (сурет салатын жұмыс материалдарына шектеу қойылмайды (майлы бояу, акрил, акварель, қағаз, гуашь). Конкурс-пленэр аяқталған соң, әр қатысушы студент 2 орындалған этюдке қол қойып (жұмыстың артқы бетіне – аты-жөні, елі, қаласы, оқу орны), ұйымдастыру комитетіне тапсырады. Конкурстық жұмыстар авторға қайтарылмайды, ұйымдастыру комитетінің меншігі болып табылады.

Шет елден, Қазақстанның өзге өңірлерінен келетін қатысушы студенттер жатын орынмен қамтамасыз етіледі және барлық қатысушыларға бір мезгіл түскі ас беріледі. Жол шығыны жіберуші ЖОО тарап есебінен төленеді.

7. Қатысу шарттары

«Qyzğaldaq-2022» ІІХалықаралық студенттік конкурс-пленэрге ҚР ЖОО мен шетелдік ЖОО-ның «Кескіндеме» бағыты бойынша (бейнелеу өнері, дизайн және қолданбалы өнер саласы) әр оқу орнынан 2 студенттен қатыса алады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Панфилов к-сі, 127. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Жоба жетекшілері:

Тұрғынбай Болат Сырлашұлы — «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Көркемсурет» кафедрасының меңгерушісі, профессор

Токпанова Майя Кызтугановна —  «Мұражай және галерея» меңгерушісі

Жауаптылар:

Сатаев Нұрлан,  мобильді тел: +7 778 272 22 66 (whatsApp)

         ұя.тел.+77022718247, +77074037257 эл.почта:  seric_zin@mail.ru

ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК КОНКУРС-ПЛЕНЭР

Қатысушылардың өтініш парақшасы

Қатысушылардың аты-жөні _____________________________________________

Мекеме (ЖОО)________________________________________________________

Толық мекен-жайы (қала және индекс кодымен) ____________________________

Телефон ______________________________________________________________

Эл.почта______________________________________________________________

Қатысушылар туралы қысқаша ақпарат____________________________________

Приемная комиссия