• 24.04.2024

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Хореография» факультетінің командасы «KAZNAI-BALLET» 2022 жылғы 17-18 наурыз аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында (Нұр – сұлтан, Қазақстан Республикасы) өткен классикалық және Қазақ биі бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың 2 дәрежелі лауреаты дипломының иегері атанды.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Хореография педагогикасы» кафедрасының профессоры Гончарова Наталья Львовна мен “Балетмейстер өнері” кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Молдахметова Алима Талғатқызы басшылығымен студенттері Хайретдинова Жазира (ХП 4 курс), Мыңбаева Мадина (ХП 4 курс), Мелис Айя (ХП 4 курс) және Нұрмағамбетова Медина (ХП 3 курс) жоғары оқу орындары арасындағы жарыста біздің академияны лайықты түрде көрсетті.

Барлық студенттер мен оқытушыларды жоғары жетістіктермен құттықтаймыз, оларға барлық бастамаларда жетістіктер, әл-ауқат және барлық жоспарлардың орындалуын тілейміз!

Приемная комиссия