2024 жылдың 16 желтоқсанында еліміздің Тәуелсіздік күніне орай «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген қоғамдық құндылықтарды насихаттау мақсатында республикалық байқаудың марапаттау рәсімін ұйымдастырды.
Бұл байқау елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қолдап, қоғамдық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
Аталған байқауға Академияның оқу шебері Аяжан Мадый қатысып, өз кәсіби шеберлігімен және шығармашылық қабілетімен көзге түсіп, жүлделі орынға ие болды.
Аяжан Тоқтағұлқызын осы үлкен жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа табыстар тілейміз!