• 26.12.2024

Республикалық СҒЗЖ (НИРС) конкурсының 2-кезеңін ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар

Авторkaznai

Фев 3, 2023

Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының (СҒЗЖ) 2-кезеңінің ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар

02.01.2022 жылы академияның кинозалында 2022-2023 оқу жылының Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының (бұдан әрі — СҒЗЖ) 2-кезеңінің ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар өтті.

Ғылыми-редакциялық бөлім басшысы Жанна Дидарбекқызы Рамаданова «ҚР ЖОО-ның СҒЗЖ жыл сайынғы конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсынымдар» талаптарына сәйкес конкурстың 2-кезеңіне СҒЗЖ рәсімдеу және қатысу мәселелерін түсіндірді.

Семинарда СҒЗЖ құрылымы, жұмысты рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ СҒЗЖ Республикалық конкурсының 2-кезеңіне ұсынылуы тиіс құжаттар тізімі бойынша ақпарат берілді.

2-кезеңде қатысушы ЖОО ұсынған барлық ғылыми жұмыстар базалық ЖОО-да плагиатқа тексеріледі.

Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын тапсыру кезінде келесі құжаттар ұсынылуы қажет:

  • — 40-45 беттен тұратын (А4) ғылыми жұмыс (толығымен анонимді – титулдық бетте ортада жұмыстың тақырыбы ғана көрсетіледі, жұмыстың жасалған жылын көрсетуге рұқсат етіледі);
  • — жетекшінің орындалған жұмыстың дербестік дәрежесі туралы рецензиясы (еркін нысанда);
  • — жұмысты плагиатқа тексеру туралы хаттама/анықтама;
  • — өзге ЖОО-нан ғылыми дәрежесі бар оқытушының пікірі;
  • — ғылыми жұмыстың авторефераты (Ұсынымтардың 3-қосымшаға сәйкес);
  • — автор (авторлар) және ғылыми жетекші туралы мәліметтер (Ұсынымдардың 4-қосымшасы);
  • — қатысушы ЖОО-ның ҰҒЗИ конкурстық комиссиясының хаттамасы (Ұсынымдардың 5-қосымшасына сәйкес).

СҒЗЖ Республикалық конкурсына қатысушыларға 2-ші республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия