• 05.11.2024

«Жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру» семинар-тренингі өтті

Авторkaznai

Апр 14, 2022

2022 жылдың 13 сәуірінде Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесімен бірлесіп «Жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Шараның модераторы Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызмет басшысы Ә.Ә. Әнуар болды.

Семинар-тренингті академия ректоры Азамат Сатыбалды ашты. Ол өзінің баяндамасында өнердің сатылмайтынын, және жемқорлық бар жерде болашақ жоқ екенін атап өтті. Жүргізіп жатқан жұмыстар және алдағы уақытта атқарылатын міндеттермен қатар бүгінгі күнге қойылатын талаптарды жеткізді. 

Жиын барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Қ.А. Салимбаев 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы туралы баяндама  жасап, қоғамдағы жиі кездесетін жемқорлық қауіптерінің алдын алуға тоқталды.

Өз сөзінде «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.А. Токушев  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелерін айтып, бағыт-бағдар, тәжірибесімен бөлісіп, нақты ұсыныстар енгізді.

Өнертану факультетінің деканы М.Б. Жақсылықова жалпы Академиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөнінде өткен  іс-шараларға ауқымды әрі нақты форматта ақпарат беріп, болашақ жоспарларын бөлісті.

Жастардың атынан Медеу ауданы «Jas Otan» жастар қанаты партиясының төрағасы М.Т. Шегебаев және Академиямыздың Музыкалық өнер факультетінің 2-курс студенті П.Б. Серікбай  өз баяндамаларын қорыта келе, сыбайлас жемқорлықпен күресу жастардың және халықтың көмегінсіз жүзеге асуы мүмкін емес екенін жеткізді. Белсенді жастардың құрамын көбейту керектігін, және оны көбейтуге арналған іс-шаралар жоспарын жария етті.

Семинар-тренингті қорытындылаған модератор Академияның 2022-2023 жылдарға әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоспарының үлгісін танысытырды.

Қатысушылар шара соңында өзара қызу пікір алмасты.

Приемная комиссия