2022 жылдың 28 қазанында Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Хореография» факультетінің оқытушылары мен студенттеріне Руслан Рамазанов өткізетін спорттық бал биі бойынша біліктілікті арттыру курстары мен шеберлік сағаттары басталды.
![](https://kaznai.kz/wp-content/uploads/2022/10/2022.10.28-афиша-КПК-и-мастер-класс-ПСБТ-Рамазанов-КАЗ.jpg)
Руслан Рамазанов (Мәскеу, Ресей) – “М” класс биші, Ресей Федерациясының жетекші жаттықтырушысы, PD WDSF – LA Еуропа кубогының иегері, PD WDSF- LA Еуропа және әлем чемпионаттарының финалисті, Латынамерикалық секвейінен Ресей чемпионы, ФТСААР – бірінші санатты төрешісі.
Біліктілікті арттыру курстары мен шеберлік сағаттары: еуропалық және латынамаерикалық бағдарламалардың тақырыптары бойынша өтеді: «Пасадобл биін оқыту әдістемесінің ерекшеліктері: музыкалық, мінез, салмақ көтеру» және «Румба және Ча ча ча билеріндегі бұрылыстар мен бағыттардың өзгеруіндегі салмақ беру және қайта бағыттау әдістемесі» бойынша өтеді.