• 03.05.2024

«Хореография» факультетінің студенттері халықаралық балет әртістері байқауының лауреаттары атанды

Авторkaznai

Қаз 23, 2023

«Хореография» факультетінің студенттері халықаралық балет әртістері байқауының лауреаттары атанды

2023 жылғы 16-22 қазанда Сочи қаласында (Ресей) Юрий Григоровичтің IX Халықаралық «Әлемнің жас балеті» байқауы өтті. Хореография факультетінің «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының 4 курс студенті Богдан Вербовой 1 орын лауреаты атанды.

«Хореография» факультетінің «Хореография педагогикасы» кафедрасының 1 курс студенті Есқали Қасқырбай 2 орын лауреаты атанды.

«Хореография» факультетінің «Хореография педагогикасы» кафедрасының 2 курс студенті Бекболатова Ақбота байқаудың дипломанты атанды.

Байқауға қатысушыларды Қазақстанның халық әртісі, Абая атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының балет труппасының көркемдік жетекшісі, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының профессоры Туткибаева Гульжан Усамбековна дайындады. Байқауға қазылар алқасының мүшесі ретінде Туткибаева Г. У. шақырылып, байқауға қатышуларға классикалық биден сабақ берді.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия