• 03.05.2024

(СҒЗЖ) КОНКУРСЫНЫҢ 1-ші ЖОО-ішілік КЕЗЕҢІНЕ дайындық ЖӨНІНДЕГІ Семинар

Авторkaznai

Қыр 22, 2023

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СҒЗЖ КОНКУРСЫНЫҢ 1-ші ЖОО-ішілік КЕЗЕҢІНЕ дайындық бойынша Семинар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ–ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ (СҒЗЖ) КОНКУРСЫНЫҢ 1-ші ЖОО-ішілік КЕЗЕҢІНЕ дайындық ЖӨНІНДЕГІ Семинар

21 қыркүйекте Академия кинозалында Ғылыми-редакциялық бөлім (ҒРБ) студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) Республикалық конкурсының бірінші ЖОО-ішілік кезеңіне дайындық және ұйымдастыру бойынша Семинар өткізді.

Семинарға Академияның СҒЗЖ жазуды жоспарлаған студенттер мен олардың ғылыми жетекшілері болып тағайындалған оқытушылар қатысты.

Семинарда ғылыми-редакциялық бөлім басшысы Рамаданова Жанна Дидарбековна жиналған қауымды СҒЗЖ-ның өту кезеңдерімен, СҒЗЖ-на қойылатын талаптармен, тапсырылатын құжаттар тізімімен таныстырды.

Академияның ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Қабыл Заманбекович Халыков студенттерді СҒЗЖ құрылымын жасау және шетелдік дәйеккөздерді пайдалану жөнінде кеңестер берді.

Семинар барысында былтырғы өткен Республикалық СҒЗЖ конкурсының жеңіпаздары: Қалиматова Гүлім («Кинотеледраматургия» мамандығы, 3-курс, жетекшісі PhD, доцент Айдар А.М.), Абзалбай Айару («Кинотану» мамандығы, 3-курс, жетекшісі PhD Айдар А.М.), Адамтаева Камила («Режиссура» мамандығы, 3-курс, жетекшісі т.ғ.д., профессор Кульшанова А.А.) жасаған баяндама-презентацияларында өз тәжірибесімен бөлісіп, СҒЗЖ жазу кезінде туындайтын қиындықтарды шешу жолдарын көрсетіп, кеңестерін берді.

Семинар соңында ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Қабыл Заманбекович Халыков 2023 жылдың көктемінде өткен Республикалық СҒЗЖ конкурсының 2-кезеңінің басқа да жеңімпазадарына дипломдарын беріп, жеңімпаздарды суретке түсіру сессиясы болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия