• 16.04.2024

«Темірбек Жүргеновтың Орталық Азия мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі»

Авторkaznai

Қар 21, 2022

Т.Қ.Жүргеновтың 125 жылдығына арналған «Темірбек Жүргеновтың Орталық Азия мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі» атты дөңгелек үстел

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Өнертану» факультетінің ұйымдастыруымен Т.Қ.Жүргеновтың 125 жылдығына арналған «Темірбек Жүргеновтың Орталық Азия мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиынның модераторы профессор, өнертану кандидаты, театртанушы, «Өнертану» факультетінің деканы – Жақсылықова Меруерт Болатқанқызы болды.

Құттықтау сөз кезегімен күллі ғұмырын жүргеновтануға арнаған тамаша ғалым, педагогика ғылымдары кандидаты, Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті Садықова Айгүл Егимбаевна студенттерді тың тарихи фактілермен сусындатып отырыс мәнін кіргізді.

Дөңгелек үстелде «Өнертану» ББ магистранттары қызықты, тың тақырыптарымен қызу талқыға түсірді.  Нақты айта кетсек, «Ұлттық театр өнерінің қалыптасуындағы Т.Жүргеновтың рухани мұрасы» атты театр өнері мәселелерін қамтыған жұмыр жұмысымен Мерей Алтынбек ортаға шықты. Театранушы Ембергенов Тәңірберген «Темірбек Жүргенов бейнесінің драмалық-сахналық шешімі» атты шығармасымен тақырыпты тереңдей түсті.

Тыңдарманға қызықты тақырып «Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА бас ғимаратының сәулеттік ерекшелігі» атты зерттеуімен Жақсымбет Ғани сөз сөйлесе, Көпжүрсін Айгерім «Т.Жүргеновтың қазақ бейнелеу өнерінің дамуына ықпалы» деген атаумен, дәйекті ойларын білдірді. Батан Берікболдың «Темірбек Жүргенов туралы көркем фильм түсірудің маңызы» бұл тақырып та аса өзектілігімен тыңдарман қызығушылығын оятты. Отырыстың соңын Ақылбекова Хадиша «Т.Жүргенов бейнесінің телекеңістіктегі насихаттау мәселелері» тақырыбымен түйіндеді.

Дөңгелек үстел мақсатына жетіп, тақырыбын толықтай ашты. Тәлімі мол, тағылымды отырыстар өз жалғасын таба бермек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

2021

Приемная комиссия