• 20.04.2024

«ЕЛ ЕРТЕҢГІ – БІЛІМДІ ЖАСТАР!»

Авторkaznai

Қар 24, 2021

“Қазақстан тарихы мен әлеуметтік ғылымдар” кафедрасының оқытушылары  Күлдібаев Естай Қағазұлының, Жұмағұлов Мейірбек Оңғарұлының, Белгібаев Дамир Темірғалиұлының ұйымдастыруымен ғылым апталығы аясында жоғарғы оқу орындарының қатысуымен «ЕЛ ЕРТЕҢГІ – БІЛІМДІ ЖАСТАР!» тақырыбында интеллектуалдық-зияткерлік ойын өткізілді.

Іс-шараға Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті мен Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университетінің студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты:

1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында жастарға патриоттық тәрбие беру. Жастар арасындағы Отанына деген жауапкершілікті арттыру;

2. «ЕЛ ЕРТЕҢІ – БІЛІМДІ ЖАСТАР!»  тақырыбын жан-жақты аша білу. Қазақ тарихының Тұлға, Ұлттық құндылық тақырыбын ашу;

3. Алматы қаласы жоғарғы оқу орындары студенттерінің  арасындағы өзара ынтымақтастық, ғылыми, рухани байланыстарын нығайту.

Интеллектуалдық-зияткерлік ойын негізгі екі кезеңді қамтыды. Олар:

1-кезең. Интеллектуалдық сұрақ-жауап;

2-кезең. Старт-ап жобаны қорғау;

Бірінші кезеңде студенттер берілген ұяшықтарды таңдау арқылы 15 сұраққа жауап беріп, ҚызПУ – 170,   ҚазҰПУ – 160, ал ҚазҰӨА – 110 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті.

Екінші кезең бойынша, ҚазҰПУ “Кітап-білімінің тұңғиық теңізі” тақырыбында, ҚызПУ “Құмар ойынға тәуелділік: зияны мен шешу жолдары” тақырыбында, ҚазҰӨА “Дизайн – экономиканың даму факторы” тақырыбында өз жобаларын қорғап, әділқазы алқаларының шешімімен, ҚазҰПУ – 85, ҚызПУ – 90, ҚазҰӨА – 90 ұпайды еншіледі.

Қорытындылай келе, ҚызПУ – 260 ұпаймен 1-ші орынды, ҚазҰПУ – 245 ұпаймен 2-ші орынды, ҚазҰӨА – 200 ұпаймен 3 – ші орынды иеленді. Іс-шараға қатысушы ЖОО-ның студенттері зияткерлік ойын жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына ризашылығын білдірді.

Приемная комиссия