• 20.04.2024

«Түркі әлемі әлеуметтік-гуманитарлық кеңістіктің интеграциялық үдерістерінде»

Авторkaznai

Мау 2, 2023

2023 жылдың 31 мамыр айында «Түркі мәдениеті: жалпы бастаулар мен даму ерекшеліктері» атты мәдениет және өнер қайраткерлерінің халықаралық конгресі аясында Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА оқу театрында қоғамдық-гуманитарлық пәндер секциясының отырысы өтті. «Түркі әлемі әлеуметтік-гуманитарлық кеңістіктің интеграциялық үдерістерінде» тақырыбында өтіп, гуманитарлық цикл пәндерінің мәселелері бойынша 10 баяндама тыңдалды. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің тұлғасына арналған баяндамалар ерекше қызығушылық тудырды.

А.А. Құлшанованың баяндамасында 20 ғасырдың 30-жылдарындағы мәдени жаңғырту үдерісі жаңа концептуалды позициялардан қарастырылып, сұрақтар мен пікірталас тудырды. Тынышбек Дайрабайдың сөзінде Жүргеновтер отбасы туралы мәліметтер беріліп, алғаш рет бірнеше фотосуреттер көрсетіліп, оның эмоционалды әңгімесі бірнеше сұраққа ұласып, пікір алмасу болды.

Жүргеновтанушы Иманғалиев Б.С. онлайн режимінде қазақ зиялылары, оның ішінде Темірбек Жүргенов туралы арнайы курсты оқытуды енгізу қажеттігі туралы пікір білдірді.

А.Ж.Сейтенова Дәмеш Ермекова-Жүргенова туралы әңгімемен алғаш рет сөз сөйледі.

Әлиева Е.А., Мұстифа Өнер және Хаджиева М.Х. баяндамалары бейнетаспадан тыңдалды.

Менкоский В.И., Утегалиева А.Д., Каримли В. онлайн түрде сөз сөйледі. Олардың жинақтағы баяндамалары жарияланып, зерттеуге қолжетімді.

Секция жұмысы ғылыми қызығушылық жағдайында өтті және түркі халықтарының мәдени мұрасын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру қажеттігін көрсетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия