• 08.10.2024

«Түркі әлемінің суретшілерінің кездесуі» және «Халықаралық бейнелеу және қолданбалы өнер» фестивалі

Авторkaznai

Сәу 24, 2024

15-19 сәуір аралығында Ташкент қаласында Өзбекстан көркемсурет академиясы және TURKSOY халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен «Түркі әлемінің суретшілерінің кездесуі» және «Халықаралық бейнелеу және қолданбалы өнер»  фестивалі болып өтті. Аталған шараға Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы, «Өнертану» факультетінің «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, PhD докторы Еспенова Айгерим Турсыновна шақырылған болатын. Фестиваль аясында бірнеше көрмелерге қатысты.

Камалиддин Бехзод атындағы Ұлттық Өнер және дизайн институтында «Халықаралық бейнелеу және қолданбалы өнер» фестивалі аясында өткен «Дизайн, как деятельность на стыке искусства и науки» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияға қатысып, «Креативное пространство в декоративно-прикладном искусстве Казахстана» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар, Камалиддин Бехзод атындағы Ұлттық Өнер және дизайн институтының «Өнер тарихы мен теориясы» кафедрасымен қос дипломды білім беру жобасы бойынша келіссөз жүргізіп қайтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия