• 27.05.2024

«ҰЛЫ ЖЕҢІС! СОҒЫСТА ҚАЗА ТАПҚАН АТАЛАРМЫЗДЫҢ ЕРЛІГІНЕ БАС ИЕМІЗ!»

Авторkaznai

Мам 6, 2024

Ұлы Отан соғысындағы

Ұлы Жеңістің 79 жылдығынаарналған тәрбиелік іс-шара

Іс-шараның бейне сілтемесі

https://drive.google.com/file/d/19TErYBsOO9UmJa4u9AxVylkA2NmjGrqf/view?usp=sharing

2024 жылғы 3 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні аясында “Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар” кафедрасының профессоры Шаймерденова Меңдіғаным Джамалбекқызы “Кино және ТВ” факультетінің 1 курс студенттерімен «ҰЛЫ ЖЕҢІС! СОҒЫСТА ҚАЗА ТАПҚАН АТАЛАРМЫЗДЫҢ ЕРЛІГІНЕ БАС ИЕМІЗ атты тәрбиелік іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты: 

➢ студенттердің 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, оның қорғаушылары және қазақстандықтардың жауынгерлік ерліктері туралы білімдерін қалыптастыру;

➢ студенттердің адамгершілік-патриоттық тәрбиесіне ықпал ету;

➢ өз халқына, өз елінің тарихына деген сүйіспеншілік пен құрметке, соғыс ардагерлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

➢ Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихын жаңа тұжырымдамалық ұстанымдардан қайта қарау; тарихты мұрағат қорында, мәдениетте, өнерде және әдебиетте көрсету;

➢ деректі фильмдерді, КФКДЖ қорынан алынған фото жинақтарды көру;

Қолданылатын жабдықтар мен материалдар:

➢ бейнефильмдер

➢ презентациялар

Студенттер « Менің отбасымның тағдырында Ұлы Отан соғысы. Балаларым мен немерелерімнің есінде өмір сүру үшін не істеймін» тақырыбына эссе жазды.

Студенттердің баяндамалары:

1. Орумбаева Гаухар: «Ұлы Отан соғысы жылдарында өз елі мен халқынның атын шығарған Қазақстанның ұлы әйелдері»

2. Карл Дамир: «Кеңес Одағының қазақстандықтар батырлары және олардың жауынгерлік ерліктері»

4. Канапьянов Шакарим: « Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының шайқасында»

6. Паничкина Елизавета: «Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі әндері бар бейнероликтер»

Іс – шара барысында студенттердің баяндамалары тыңдалды, фильмдер қаралды, мерекенің ел тарихындағы маңызы ашылды. Іс-шара студенттер үшін жаңа тарихи деректермен байытылды. Студенттер пікір алмасып, бұл мерекенің халықтар достастығын нығайтудағы рөлі мен маңызын атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия