• 09.05.2024

ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ-2024

Авторkaznai

Сәу 9, 2024

«Қазақстанның қазіргі заманғы өнері: зерттеу серпіні мен интеллектуалдық инновация» тақырыбына
ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ-2024
ашылу салтанаты

8-12 сәуір аралығында өтетін ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ-2024 Президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың отырысын ақпараттық сүйемелдеуге және насихаттауға бағытталып, «Қазақстанның қазіргі заманғы өнері: зерттеу серпіні мен интеллектуалдық инновация» тақырыбына арналды.

8 сәуірде Ғылым апталығының ашылу салтанаты өтті. Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, философия ғылымдарының докторы, профессор Халықов Қабыл Заманбекұлы жиналған қауымды Ғылым апталығының ашылуымен құттықтап, Ғылым апталығы аясында өтетін халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер мен халықаралық байқаулар жайлы ақпарат берді.

«Қазақстан және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Алимжанова Алия Шарабековна «Ел  тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады» тақырыбына баяндама жасады.

«Кино және ТВ» факультетінің деканы, PhD докторы Бакеева Мадина Қайратжановна  «Қазақстан киноиндустрия саласындағы жаңа серпін» тақырыбына баяндам жасады.

«Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасының доценті, экономикалық ғылымдар кандидаты Мусабаев Қуат Мананбаевич «Қазақстандағы Art-менеджменттің дамуы мен болашағына аналитикалық шолу» жасады.

Шараға Академия профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер, қоғам қайраткерлері қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия